Мұнай өндіруден бас тартты...
Мұнай өндіруден бас тартты...
3 жыл бұрын 1858 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Гренландия билігі мұнай кен орнын іздеуді доғарды. Бұл жайында islam.kz порталы Associated Press ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Табиғи ресурстарға бай бола тұра әлемдегі ең ірі арал осылайша жаһандық жылынумен күреске нақты үлес қосып, үлгі көрсетіп отыр. 57 мың тұрғыны бар Гренландия жаһандық жылыну көмегімен мұнай шикізаты мен өзге де пайдалы қазбаларды табу мүмкіндігі жоғары бола тұра қоршаған ортаға зиянды жобалардан бас тарту арқылы болашаққа даңғыл жол салды – келешек мұнайда емес, жаңғыртпалы энергия көздерінде әрі бұл тарапта аталған аралдың әлеуеті жоғары. Бұдан бөлек, Гренландия билгі климат өзгерісімен күрестің бар жауапкершілігін жете сезініп отыр. Гренландия суларында геологиялық барлау жұмыстарын тоқтату туралы шешім өз кезегінде әлем экологтерінің қолдауына ие болып отыр. Соның ішінде Greenpeace халықаралық экологиялық ұйым Гренландия билігінің бұл қадамына оғары берді. Гренландияның бір емес, бірнеше, дәлірегі, көміртекті барлауға төрт лицензиясы бар. АҚШ геологиялық қызметінің келтірген дерегіне қарағанда, аталған арал аумағында 17,5 миллиард баррел мұнай мен төрт триллион текше метрден асатын табиғи газ кездеседі. Гренландия Даниядан жыл сайын 54 млн доллар субсидия алады. Мұнай өндірісі арал бюджетін толтырып, қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізер еді, осыған қарамастан арал мұнай өндірісінен бас тартты.

0 пікір
Мұрағат