|
Мұғалімдердің оқушыларға кофе құятын дәстүрі барын білесіз бе?
|
Сауд Арабиясының әл-Қасым провинциясына қарасты әл-Бақария қаласындағы мектеп қабырғасында мұғалімдердің оқушыларға арабтардың ұлттық сусынына айналған кофе құю дәстүрі жаңғырды. Ұстаздар сабақ үстінде шәкірттерге тек кофе құйып қана қоймай, алдарына түрлі тәттілер қояды. Аталмыш дәстүр көрініс тапқан видео «Твиттер» әлеуметтік желісінде жарияланыпты. Ғаламтор пайдаланушылары білім ошағының әкімшілігін осынау дәстүрлі жаңғыртқанын қолдайтындарын білдіріп жатыр. Бұл дәстүр өз кезегінде емтиханға дайындалу үстіндегі оқушылардың бір сәт тынығуына жағдай жасайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті

