Миграция дағдарысы: Ұлт қауіпсіздігі немесе демократиялық принциптер
Миграция дағдарысы: Ұлт қауіпсіздігі немесе демократиялық принциптер
7 жыл бұрын 3899 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, кәрі құрлықтағы миграция дағдарысы мен оның жай-жапсары туралы кезінде жиі сөз қозғаған едік. Еуропалық одақ құрамына кейін кірген, коммунистік режим ықпалында болған елдердің тынышы қашқан Таяу Шығыс пен Африканың солтүстігінен және Азияның бірқатар елінен ағылған мигранттарды қабылдаудан бас тартып, ЕО-ның құрамындағы елдердің шама-шарқына қарай бөлген міндетті квотасын орындамаған елдердің бар екенін айтып өткенбіз. Ұлт қауіпсіздігінен гөрі адами факторға көбірек көңіл бөлетін еуропалық демократиялық құндылықтар Шығыс Еуропада жете бағаланбауы мүмкін. Таяуда Франция президенті Эмманюэль Макрон Испания премьер-министрі Педро Санчеспен кездесуінде еш орынды себепсіз немесе негізсіз мигранттарды қабылдаудан бас тартқан мемлекеттерге (ЕО құрамындағы) санкция салу туралы ұсыныс айтты. Яғни, Франция президентінің ұсынысы бойынша ондай елдерге қаржылық санкция салу шарасы қолданылуы мүмкін. ЕО-ның екі жетекші елі, атап айтқанда, Германия мен Францияның бұл әрекеті елдің ішкі ісіне қол сұғу ма немесе ЕО-ның ортақ міндеттерін орындамағандарды жазалаудың бір түрі ме? Бұл арада біздің айтпағымыз, демократиялық құндылықтар мен ұлттық құндылықтар тайталасқа түскенде ұлттық құндылықтар түптеп келгенде шартты ұғымға айналып кетуі мүмкін. Өйткені, бұл арада ең алдымен адам факторы жөнінде сөз болып отыр емес пе. Әлбетте, миграциялық дағдарысты шешудің өзге баламалы әрі оңтайлы жолы жоқ болған жағдайда. Франция президенті Шығыс еуропаның кебір жекелеген елдерінің мигранттарды қабылдаудан бас тартқан әрекетін "ұллтық эгоизмге" теңегінін де айта кетпеске болмайды. Мәселен, жуырда ғана Венгрияның мигранттарға көмек көрсеткен ел азаматтарын қылмыскерлер қатарына жатқызып, жауапкершілікке тартатыны турасында да хабар таратқан едік. Тарқатып айтқанда, бұл заңның шикілігі сонда: құқық қорғаушылардың айтуынша, мигранттарға басқалай көмек көрсетуді былай қойғанда, оларға процессуалдық жәрдем көрсетудің өзі қылмысқа жатқызылуы мүмкін. Бұл адам құқығын бұзудың көрінісі болмақ. Бір жағынан, халқы қартайып бара жатқан елдер болашақта орын алуы мүмкін жұмысшы күшінің тапшылығының орнын осы мигранттар есебінен тотыруға болады. Ұлттық құндылық бұл мәселенің алдын да дәрменсіз. ЕО-ға мүше Венгрия, Польша, Чехия, Словакия маусым айының 28-29 күндері аралығында Брюссел қаласында өтетін миграттарға қатысты жиынға қатысуға байкот жариялап отыр. ЕО ішіндегі алауыздық түбінде демократиялық немесе ұлттық құндылықтардың қайсысының жеңісімен аяқталатынын көрсетіп беруі мүмкін. Өгізге туған күн бұзауға да тууы мүмкін ескерсек, мұндай жағдай біздің де басымызға түсуі мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат