Мешітті «жын-шайтанның» ордасына айналдырып жіберген (видео)
Мешітті «жын-шайтанның» ордасына айналдырып жіберген (видео)
4 жыл бұрын 5648 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Палестина мұсылмандары аталған елдің премьер-министрі әрі уақыптар министрі Мұхаммед Штайды Иерихон маңындағы Нәби Мұса мешітте кеш ұйымдастырып, оны қонақ үй мен түнгі клубқа айналдырғаны үшін жауапқа тартуды талап етуде. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы бассыздық үшін тұтқындалған диджей Сама Әбдіһадқа (DJ Sama) бар жауапкершілікті мойнына артқысы келеді. Ашулы топ карантин кезінде жабылған, алайда, түнгі клуб пен қонақ үй ретінде пайдаланылған мешіттегі төсек-орынды, тұрммыстық жиһаздар мен заттарды, ішімдік құтыларын сыртқа лақтырды. Құқық қорғаушылар мешітте кеш ұйымдастырғандарды ғана емес, сонымен қатар, осынау келеңсіздікке рұқсат бергендерді де жазалауды талап етіп отыр.

Мешітті «жын-шайтанның» ордасына айналдырып жіберген (видео) 

Palestinian Prime Minister Mohammed Shtayyeh (Photo: Reuters)

0 пікір
Мұрағат