|
Мешіт салынатынын естіген исламофобтар өретүрегелді
|
Автралияның Бендиго қаласының билігі мешіт тұрғызу жоспарын жайып салғаны сол екен, жергілікті әсіребелсенділер өретүрегеліп, бүйректен сирақ шығарды: «шаһарда терактіні болдырмау үшін қандай қауіпсіздік шаралары қабылданды» дегенге саятын сыңарезу мәлімдеме жасады. Жалпы құны 3 млн долларды құрайтын мешіт жобасына қатысты дау-дамайдың арты шеруге ұласты. Ол ол ма, аталмыш жобаға қарсылық танытып, наразылық білдіргендердің біреуі «мұсылмандар австралиялықтарға қарағанда көп бала табады» деп, айдалаға лақты. Қалалық кеңестің мүшесі Марк Верагода мырза тұрғындарға мән-жайды түсіндірмек болып, сөйлемекке оқталғанда шерушілер музыканың даусын қаттырақ шығарып, оның тіл қатуына мүмкіндік бермеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түркі елінде электронды шылым шеккендерге қылмыстық жауапкершілік қарастыратын тыйым салынды
■
Жаратылыстың кездейсоқ жаратылмағандығы туралы гипотеза математикалық дәлелін тапты
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Ғалымдар сегізаяқты жасыруға көмектесетін қабілетті қайталауға мүмкіндік беретін пигментті өндірудің жолын тапты
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды