Мектептегі буллинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізледі
Мектептегі буллинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізледі
3 жыл бұрын 2055 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Францияның ұлттық жиналысының (аталған ел парламетінің төменгі палатасы) депутаттары мектептер мен жоғарғы оқу орындарының қабырғасындағы буллинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған заң жобасын қолдады. Бұл жайында islam.kz порталы Vice және The Guardian ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Егер аталған заң жобасы түбегейлі қабылданса, мектептегі немесе жоғарғы оқу ордасындағы қорлауға жол берген айыпты 45 мың еуро айыппұл арқалайды және үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Егер жәбірленуші буллингтің кесірінен өз-өзіне қол жұмсауға оқталса немесе суицид жасаса, кінәлі оқушыға немесе студентке я болмаса оқытушыға 150 мың еуроға дейін айыппұл салынып, он жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Аталмыш заң жобасының авторы Ербан Баланант мұндай қатал шараның аталған қылмыс түрін тежеуге көмектесетінін алға тартып отыр. Бұл заң жобасын Франция сенаты ақпан айында қарастырады. Бір ғана Францияда буллингтен 700 мың бала зардап шегіп келеді.

0 пікір
Мұрағат