Мектеп мұғалімдеріне қару алып жүруге берілген рұқсат наразылық тудырды
Мектеп мұғалімдеріне қару алып жүруге берілген рұқсат наразылық тудырды
10 жыл бұрын 3009

Естеріңізде болса, осыдан бір айдан аса уақыт бұрын Пәкістанның Пешавар провинциясындағы мектеп мұғалімдеріне өздерімен бірге қару алып жүруге ел билігінің рұқсат бергені турасында хабарлаған болатынбыз. Алайда, ел билігінің бұл қадамы қоғамның наразылығын тудырды. Наразылық танытқандар мемлекетті адам қауіпсіздігіне қатысты жауапкершіліктен жалтарып отыр деп айыптады. Естеріңізде болса, Пешавардағы мектепке содырлар шабуыл жасағаны және сол шабуылда 140 адам қаза тапқанын да хабарлаған болатынбыз. Осыған байланысты ел билігі шарасыздықтан әлгіндей қадамға барған болатын. Яғни, мектеп мұғалімдеріне өздерімен бірге жұмыс орнында табелді қару алып жүруге рұқсат берген еді. Содырлар тағы шабуылдаған жағдайда қапы қалмасы үшін. «Бұл аңқаулықтан жасалған ақымақ қадам. Бұл бұқараға қару ұстатумен бірдей әрекет»,- деп сынға алды ел билігінің бұл қадамын отставкідегі генерал Талят Масұд.

0 пікір
Мұрағат