Раввиндер Израил премьерінен палестиналықтардың баспанасын заңсыз сүруді тоқтатуды талап етті
Раввиндер Израил премьерінен палестиналықтардың баспанасын заңсыз сүруді тоқтатуды талап етті
9 жыл бұрын 2899

Әлемнің әр түкпірінен үн қатқан жүздеген раввиндер (иудейлердің рухани көсемдері) Израил премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуден Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналықтардың баспанасын келімсектер үшін заңсыз сүріп тастауды тоқтатуды талап етіп отыр. Равввиндер Израил билігінің бұл қадамы халықаралық заңдарға ғана қайшы келіп қоймай, дін үкімдеріне де бойұсынбаушылық екенін ескертті. Бұл жайында The Independent ақпарат көзі хабар таратты. «Жыл сайын жүздеген үй сүріліп жатқанда мыңдаған адам баспананы рұқсат беретін құжаттарсыз тұрғызуғы мәжбүр болып отыр. Бұл аса ауыр азапқа апарып соқтырады», - деп айтылған «Раввиндер адам құқығы үшін» мәлімдемесінде. «Израил мемлекеті Жасаған ие ерекше жаратқан адамдардың өзі мен отбасы үшін баспана салуға бірдей мүмкіндікке ие екеніне көз жеткізуі тиіс»,- деп айтылған аталмыш мәлімдемеде. Айта кетейік, «Раввиндер адам құқығы үшін» қозғалысында әлемнің әр түкпірінен 400-ден аса раввин бар. Раввиндер бұл әділетсіздікке қарсы ел премьерінің Иордан өзенінің батыс жағалауында 400-ден аса үйдің сүрілгені турасында жасаған мәлімдемесінен кейін үн қатқан болатын.  

0 пікір
Мұрағат