G20 халықаралық қаржы институттарының жиыны Ыстамбұлда өтеді
G20 халықаралық қаржы институттарының жиыны Ыстамбұлда өтеді
9 жыл бұрын 3191

Ыстамбұл шаһарында өтетін Халықаралық қаржы институттары (IIF) жиынына Түркия төрағалық етеді. Бұл шара екі күнге созылады. Халықаралық қаржы институттары (IIF) – түрлі  елдердің қаржы нарықтарындағы ақпараттарды, соның ішінде, экономикалық саясат пен қаржы жүйесін мемлекеттік тұрғыдан реттеуге қатысты мәліметтерді жинаумен және талдаумен айналысатын әлемнің алдыңғы қатарлы несие берушілерінің қауымдастығы. Аталмыш ұйымның мақсаты – қаржылық тәуекелдерді тиімді басқару жолдарын жетілдіру, сондай-ақ, қаржылық мәліметтерді, қаржылық талдауларды ашудың стандарттары мен ережесін әзірлеу арқылы қаржы саласын дамыту. Аса ірі коммерциялық әрі инвестициялық банктер, сақтандыру компаниялары және инвестициялық менеджмент бойынша қызмет көрсетуге бағдарланған қаржы мекемелері аталмыш қауымдастыққа мүше болып табылады. Қауымдастыққа мүше болу мәртебесіне, сондай-ақ, трансұлттық корпорациялар, экспорттық несие агенттіктері, сауда компаниялары ие. Бұл институт 1983 жылы құрылған болатын. Оның басқару орталығы Вашингтон қаласында орналасқан. Ыстамбұлда өтетін жиынға әлемдегі алдыңғы қатарлы қаржы мекемелерінің президенттері мен атқарушы директорлары,  мемлекеттік қазынашылар қатысады. Айта кетейік, «Үлкен жиырмалыққа» (G20) кіретін елдер әлемдік жалпы ішкі өнімнің шамамен  85%-на ие болып отыр. 

0 пікір
Мұрағат