|
Тағы бір ел электронды қоқыс импортына тыйым салды
|
Малайзия билігі елдегі айлақтардан электронды қоқыст тиелген жүздеген контейнерді ұстап, экспорттаушы елдердің өзіне қайтарып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post Publishers Ltd ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әдетте қоқысты кәдеге жарату арқылы қоршаған ортаны ластамау үшін қайта өңдеу бағытында кей елдер өзге мемлекеттен импорттап жатады. Қоқыс шикізат көзі ретінде бағаланады. Десе де аса қауіпті қоқыстардың қатарынан табылатын электронды қоқыс тек қоршаған ортаны ластап қоймай, сонымен қатар, адам денсаулығы мен жануарлар организіміне улы заттар бөліп, биологиялық әралуандылыққа қауіп төндіреді. Осыны ескерген оңтүстік-шығыс Азиядағы аталмыш мұсылман елінің жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықққа қарсы күрес комиссиясы электронды қоқысты “мүлдем тыйым салынған” санатққа жатқызды. Бұған қоса, жергілікті экология белсенділері биліктен нақты әрі қатаң шаралар қолдануды талап етіп отыр. Электронды қоқысты әдетте ондағы бағалы компоненттерді алу үшін пайдаланады. Алайда, мұндай шара адам денсаулығына да, қоршаған ортаға да қатерлі. Компьютер, ноутбук, смартфон, тұрмыстық техникалар (шаш кептіргіш, кір жуатын машина, киім жуатын аппарат, шаңсорғыш, теледидар, күн панелдері және өзге де электрмен жұмыс істейтін техникалар) қоқысы сынап, қорғасын, кадмия, т.б. ауыр металдарды бөліп, топырақ пен суды, соның ішінде жерасты суын ластайды. Осы орайда малайлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қоршаған ортаны қорғау департаментінің бас директоры мен орынбасарының қолына кісен салды. Электронды қоқысқа қатысты бақылау процедураларында қолындағы құзыреті мен билігін асыра пайдаланып, жемқорлыққа жол бергені үшін айыптады. Ақпараттық байланыс технологиясының дамуына әрі жаңғыртпалы энергия көздерінің кең етек алуына қарай электронды қоқыс адамзаттың бас ауруына айналып келеді. Кұллі әлем бойынша электронды қоқыстың мөлшері 2024 жылы 69,1 млн тоннаны құраған, ал оның кәдеге жарату (қайта өңдеу) нарығы 17, 89 млрд долларға жеткен. Ал 2023 жылы электронды қоқысты жою шығыны 73,52 млрд долларға жеткен. Электронды қоқысты болдырмаудың ең тиімді жолы - ұзақ мерзімге төзетін, яғни, тозбайтын, сапалы техникаларды өндіру болса, екіншісі - кәдеге жарату (қайта өңдеу). Электронды қоқысты импорттауға тыйым салған елдер: Қытай, Тайуан, Тайлан, Вьетнам. Егді Малайзия қосылды.
Ұқсас материал: