Майялық үндістер жаппай исламды қабылдап жатыр
|
Мексиканы мекен ететін майялық үндістерге жататын цоцил ұлысының өкілдері үндістер арасындағы мұсылмандар қарасы көп этникалық азшылық болып табылады. Жергілікті наным-сенімнен және католиктен бас тартып, хақ жолға түскен үндістердің өзі бүгінгі таңда бір қауым ел болып отыр. Ер-азаматтар тақия киіп, әйелдері шариғат шәлісін жамылған жамағаттың арасында өткен ғасырдың 80-ші жылдары исламды қабылдағандары да бар. Яғни, капиталистік жүйенің және христиан нанымының сынға қатты ұшырап, дағдарыс орын алған кезде майялық үндістер хақ жолға түсе бастаған еді. Мәселен, бұрынғы пастор 90-шы жылдары исламды қабылдап, есімін Омар деп өзгерткен. Ол ислам дінінің әлемдегі ең монотеистік дін екендігін тілге тиек етіп, әулие-әнбиелерге табынбайтынын айтып, осы себепті үндістердің исламды қабылдап жатқанын жеткізді.