Күріш бағасының одан ары өсуіне ықпал ететін жайт орын алды
Күріш бағасының одан ары өсуіне ықпал ететін жайт орын алды
1 жыл бұрын 1128 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Zhang Tao / Globallookpress.com

Күріштің әлемдік бағасы тағы көтерілетін болды. Бұған Қытайдағы негізгі ауыл шаруашылық аймақтарын су астында қалдырған тасқын-сел себеп болмақ. Бұл жайында islam.kz порталы cnbc.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың күллі әлем бойынша күріштің мол өнімі алынатын солтүстік-шығыс аймағы «Доксури» дауылынан зардап шекті. Су тасқынынан елдегі күріш өндірісінің 23 пайызын құрайтын үш провинция, атап айтқанда,  Ішкі Моңғолия, Жилин және Хейлунжиан зардап шеккен. Fitch сарапшылары бұл дауылдан келген шығынның әлі толық есептелмегенін алға тартып отыр, өйткені, Қытайда «Доксури» дауылынан кейін Ханун» тайфуны деген атау берілген тағы бір су тасқыны жақындап келеді. Ішкі сұранысты қанағаттандыратын күріш жеткіліксіз болса, оны сырттан импортайды. Бұл жайт өз кезегінде күріш бағасын тағы көтермек. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының бағалар индексіне сәйкес (барлық күріш бағасының индексі) аталған астық бағасы шамамен 15 жыл ішінде ең жоғары деңгейге көтерілген. Мысалы, тайлық ақ күріш тоннасына 648 долларға дейін көтерілді, бұл көрсеткіш 2008 жылдың қазанынан бергі ең жоғары деңгей. Соңғы бір жылда оның құны шамамен 50 пайызға өскен. Үнді билігінің басматиден басқа барлық сорттағы астықты экспорттауға тыйым салуынан күріштің бағасы шарықтап кеткенін хабарлаған едік. Эмбаргодан күріштің 80 пайызы әлемдік нарыққа шықпай қалды. Сонымен қатар, Азияның басқа елдері құрғақшылыққа байланысты күрішке бөлінген алқапты қысқартуға кірісті: билік диқандарды суды үнемдеуге – аз егін егуге немесе мол суаруды қажет етпейтін дақылдарды өсіруге көшуге шақырады.

Ұқсас материалдар:

«Күріш бағасы әлем бойынша шарықтады» (https://islam.kz/kk/news/alem/kurish-bagasy-alem-boiynsha-sharyqtady-18982/#gsc.tab=0);

«Корейлер дәстүрлі тағамынан бас тартып келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/koreiler-dasturli-tagamynan-bas-tartyp-keledi-14746/#gsc.tab=0);

«Күрішті ең көп тұтынатын және өндіретін елдер туралы аз-кем мағлұмат» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/kurishti-en-kop-tutynatyn-jane-ondiretin-elder-turaly-az-kem-maglumat-14514/#gsc.tab=0);

«Күріш революциясы» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/kurish-revolyutsiyasy-11122/#gsc.tab=0);

«Эко-зиянды тыңайтқышсыз түсімі мол күріш өсірудің жолы табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/eko-ziyandy-tynaitqyshsyz-tusimi-mol-kurish-osirudin-joly-tabyldy-14652/#gsc.tab=0);

«Ионды сәуле технологиясының көмегімен күріштің жаңа сорты алынды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/iondy-saule-tehnologiyasynyn-komegimen-kurishtin-jana-sorty-alyndy-14553/#gsc.tab=0);

Орылған күрішті кептірудің жапонша тәсілі (https://islam.kz/kk/news/arturli/orylgan-kurishti-keptirudin-japonsha-tasili-video-14121/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат