Күннен қуат алатын ұшақ тәулік бойы ұша алады
|
Күн сәулесінен қуат алатын ұшақ кептердің жылдамдығындай жылдамдықпен ұшуға қабілетті. Аталған ұшақ тәулік бойы тоқтаусыз көкте қалықтай алады. SolarImpulse 2 – моторы күн сәулесінен қуат алатын батареямен жұмыс істейтін алғашқы ұшақ. Тынық мұхитын қоса алғанда 5 күннің ішінде әлемді шарлап шығуға болады. Шамамен 35 000 шақырым қашықтықта бар-жоғы 12 рет қонады. «Біз экологиялық жағынан таза технология және таусылмайтын энергия көзі арқылы адам ойына келмеген жетістікке қол жеткізуге болатынын көрсеткіміз келді», - деді SolarImpulse төрағасы Бертран Пикар. Бұл ұшақ осы аптаның бас кезінде, яғни, сейсенбіде жұртшылықтың назарына ұсынылды. Ол саяхатын ақпан айының соңында немесе наурыз айының басында бастайды. Аталмыш ұшақ Үндістан, Мьянма, Қытай және Тынық мұхитының, сондай-ақ, АҚШ-тың, Еуропаның оңтүстік бөлігінің үстінен ұшып өтеді.