Кенияда оқушылар көтеріліс жасады (фото)
Кенияда оқушылар көтеріліс жасады (фото)
9 жыл бұрын 3249

Кенияның Найроби елді-мекеніндегі бастауыш сынып оқушылары қысқы демалыстан оралғанда өздерінің доп қуалап ойнайтын алаңның биік дуалмен қоршалғанын көріп, наразылық шеруіне шығады. Сөйтсе, жекеменшік құрылыс компаниясы оқушылардың футбол алаңын меншіктеп алған екен. Оқушылар компания басшылығын «жерімізді заңсыз тәркіледі» деп айыптап отыр. Ал компания өкілдері бұл жердің өздеріне тиесілі екенін айтып отыр. Полиция шеруді тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды. Сегіз оқушы осы газдан уланып, ауруханаға түсті. Найроби билігінің ресми өкілі Масуд Мвиньи тәртіп сақшыларының өз қызметін асыра пайдаланғанын және осыған байланысты тергеу амалдарын жүргізуге уәде берді. «Бас жарылып, көз шыққан» осы даулы мәселе кімдердің пайдасына шешілетіні әлі белгісіз.

Отважные кенийские школьники-1

Отважные кенийские школьники-2 

Отважные кенийские школьники-3

Отважные кенийские школьники-4

Отважные кенийские школьники-5

Отважные кенийские школьники-6

Отважные кенийские школьники-7

Отважные кенийские школьники-8

Отважные кенийские школьники-9

Отважные кенийские школьники-10

Отважные кенийские школьники-11

Отважные кенийские школьники-12

Отважные кенийские школьники-13

0 пікір
Мұрағат