Күллі әлем қуаңшылыққа бет алып барады
|
Сазды-батпақты өңірлер құрғап, өзен-көлдердің табаны тартылып жатыр. Әлемнің барлық түкпірінде. Орман-тоғайдың жоғалуына қарағанда өзен-көлдердің тартылуы әрі сазды-батпақты жерлердің құрғауы тез қарқынмен жүріп жатыр. Бұл жайында Швейцарияда жарық көретін Le Temps мерзімді басылымының тілшісі Паскалин Мине Рамсар конвенциясының жаңа баяндамасында айтылған деректерге сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Мәселен, 1970-2015 жылдар аралығында әлемдегі сазды-батпақты жерлердің шамамен 35%-ы құрғап кеткен. Иранның Рамсар қаласында 1975 жылы қабылданған конвенцияны әлемнің 170 елі мақұлдап, халықаралық маңызы бар, жалпы аумағы шамамен 250 млн гектарды құрайтын 2300 сазды-батпақты жерлерді қорғау міндетіне қосылған болатын. Сазды-батпақты жерлер, әсіресе, Латын Америкасында құрғап жатыр: 1990-2015 ылдар аралығында аталған құрлықтағы сазды-батпақты жерлердің 59%-ы құрғап кеткен. Ал кәрі құрлықта, яғни, Еуропа 35% сазды-батпақты жерінен айырылған. Бір ғана Швейцария аумағындағы сазды-батпақтың жерлердің 80%-ы құрғап кеткен. Бұл жайында Швейцарияның федералды қоршаған ортаны қорғау қызметінің биологиялық түрлер мен табиғи орта секциясы жетекшісінің орынбасары Беатрис Верфели мәлім етті. Бұған ең алдымен урбанизация, әсіресе, жағалаулы аймақтардағы, сондай-ақ, жаһандық жылынумен байланысты климаттың өзгеруі, ауыл шаруашылығындағы бәсекелестік, дренаж, дамбалар құрлысы, топырақтың эрозиясы, т.б. факторлар әсер етуде. Құрағамаған өзен-көлдер мен сазды-батпақты жерлердегі су сапасы жылдан жылға нашарлап барады. Осыған байланысты көптеген жануарларлар мен өсімдіктер, балықтар жойылуда. Сөз орайы келгенде айта кетейік, Дубай қаласында қазан айының 21-29 күндері аралығында өтетін Рамсар конвенциясына мүше елдер жиынында сазды-батпақты жерлерді аман алып қалу жолдары қарастырылады. Соның ішінде, сазды-батпақты жерлерді мемлекеттік қорғауға алу мәселесі пысықталады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғыз имамдары жаппай темір тұлпарды тізгіндейтін болады
■
Әзірбайжан «Ислам сегіздігі» құрамына кірді
■
Орта Азия елінде әкелерге декреттік (ақылы) демалыс берілуі мүмкін
■
Етті тұтынудан моңғолдар әлемде екінші орыннан көрінді. Бірінші орында қай ел тұр?
■
Әлемдегі еңбек мигранттарының қарасы 30 млн адамға жетті