Көп әйел алуға рұқсат берілді
Көп әйел алуға рұқсат берілді
10 жыл бұрын 4965

Индонезияның қорғаныс министрлігі көп әйел алуға ресми рұқсат берді. Нақтырақ айтқанда, аталмыш министрліктің баспасөз хатшысы, бригадалық генерал Джундан Эко Бинтороның айтуынша, бұл рұқсат тек ер-азаматтарға ғана берілген. Сондай-ақ, ол әйелдердің бірнеше күйеуге шығуына тыйым салынғанын да жеткізді. The Jakarta Post ақпарат көзінің хабарлауынша, аталмыш ереже үстіміздегі жылдың шілде айының 22-нен бастап күшіне енген. Ереженің шартына сәйкес екінші әйел алғысы келетін ер-азаматтың некелеспек болған жары өзге дінде болмауы керек. Яғни, наным-сенімі бөлек әйелмен некелесе алмайды. Сонымен қатар, бірінші әйелі өзінің ері алдындағы міндетін өтей алмаған, денсаулығы сыр берген немесе мүмкіндігі шектеулі жан болған, я болмаса перзент сүйдіруге қабілетсіз болған жағдайда ғана екінші әйел алуына рұқсат беріледі. Екінші әйелін асырай алатынын дәлелдеуі үшін салық декларациясын тиісті орындарға тапсыруы міндетті. Бұл шарттардың бірі бұзылатын болса, тергеу жұмыстары жүргізіледі.  

0 пікір
Мұрағат