Климаты қатал араб елінде ауыл шаруашылығын жүргізудің тың тәсілі пайда болды (фото)
Климаты қатал араб елінде ауыл шаруашылығын жүргізудің тың тәсілі пайда болды (фото)
2 жыл бұрын 1965 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Via Emirates

Араб түбегінің шығыс бөлігінде Біріккен Араб Әмірлігі орналасқан. Жері құнарсыз, шөл мен шөлейттен тұрады, аптап ыстық пен құрғақшылықтан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызы зор - ауыл шаруашылығын жүргізу үшін инновациялық игіліктерді пайдаланады. Бұл жайында islam.kz порталы islamosfera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. БАӘ азық-түлік импортына тәуелділігі жоғары ел. Дәлірегі, азық-түліктің 90%-на дерлігін сырттан тасымалдайды. Адамзат қарасының көбеюі мен жаһандық жылынуға байланысты өзектілігі артып келе жатқан аталмыш проблеманы еңсеру үшін осы заманғы озық технологияға жүгінеді. Мәселен, таяуда ел аумағында ашылған тігінен фермасы («Bustanika») айтуға болады: жабық ортада дәнді-дақылдар қолдан өсіріледі. Фермада өсімдіктердің өсуін ынталандыру үшін жарықтандыруды, ылғалдылықты, қоректік заттарды және басқа факторларды автоматты түрде бақылайды және реттейді. Өсімдіктер бірінің үстіне бірі тігінен орналасады, бұл кеңістікті үнемдейді. Сондай-ақ, оларды өсіру үшін топырақ емес, минералдармен қаныққан ерітінді қолданылады. Bustanika – 100-ден астам әуе компанияларын өніммен қамтамасыз ететін Emirates Flight Catering және US Crop One Holdings бірлескен жобасы. әл-Мактум халықаралық әуежайы маңында орналасқан ферма 30 000 шаршы метрден астам аумақты алып жатыр, бұл жоба өз кезегінде оны әлемдегі ең үлкен топырақсыз егін шаруашылығына айналдырады. Осындай ірі кәсіпорын құру арқылы компания ауыл шаруашылығы саласында төңкеріс жасауды мақсат етіп отыр. Жыл сайын бұл ферма миллион килограмнан астам  азық-түлік өндіреді деп жоспарлануда. Шаруашылықта тұйық суару жүйесі қолданылады. Әрбір өсімдік минералды байытылған сумен қамтамасыз етіледі, ал буланған ылғал жиналып, суаруға қайта пайдаланылады. Бұл жүйе өте тиімді, өйткені, ол дәстүрлі шаруашылыққа қарағанда суды 95% аз пайдаланады. Ең басты артықшылығы – топырақта өсетін өсімдіктерге қолданылатын түрлі тыңайтқыштар, дәлірегі, қоршаған ортаға зиянды пестицид, гербицид, химикаттар пайдаланылмайды. 2012 жылдың өзінде БАӘ тұрақты жасыл экономиканы құруға бағытталған «Жасыл экономика» бастамасын жүзеге асыруға кірісті, ал тігінен фермасы – бұл елдің әлемді таза әрі жақсырақ орынға айналдыруға бағытталған көптеген жобалардың бірі ғана. Осындай тағы бір ірі жоба – Мұхаммед бен Рашид Әл-Мактум атындағы күн саябағы, ол әлемдегі ең үлкен осындай нысан болып саналады. Ол көміртегінің атмосфераға бөліну мөлшерін 6,5 миллион тоннадан астамға азайтпақ. БАӘ 2050 жылға қарай көміртектен ада мемлекетке айналуды мақсат ететінін жариялады.

Via Fast Company Me

 

0 пікір
Мұрағат