Климат өзгерісіне байланысты төтенше ауа райынан болатын өлім-жітім екі есеге артады
Климат өзгерісіне байланысты төтенше ауа райынан болатын өлім-жітім екі есеге артады
3 жыл бұрын 1661 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританиялық климатологтардың айтуынша, орташа жылдық температура Целсия бойынша бар-жоғы 3°C-қа көтерілген күннің өзінде жердегі өлім-жітім көрсеткішін 75%-ға арттырады. Бұл жайында islam.kz порталы Zakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лондонның университеттік колледжі (UCL) мен Рединг жоғарғы оқу орнының ғалымдары келтірген дерекке қарағанда, жаһандық жылынудан ауа температурасы Целсия бойынша 2°C-қа көтерілер болса, аптап ыстық орнайтын күндері кей аймақтарда өлім-жітім көрсеткіші 42%-ға артады, яғни, күніне 117 адамнан көз жұмады (бір жылда ең ыстық 10 күнде орташа есеппен – күніне шамамен 166 адам бақилық болмақ). Сол себепті, ғалымдар жаһандық жылыну деңгейін 2°C-тан асырмау керектігін алға тартып отыр. Бұған климат дағдарысынан жиі орын алатын төтенше ауа райы себеп болмақ: ыстық толқын мен құрғақшылық, т.б. Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеуге атсалысқан білікті маман, ғылым докторы Кэтти Хуангтың айтуынша, өлім-жітім жаз мезгілінде көп болады. Бұдан бөлек, төтенше ауар райынан созылмалы аурулар өршіп, соның ішінде жүрек-қан тамыр және тыныс алу жолдарының ауруларынан зардап шегетіндер қарасы артады.

0 пікір
Мұрағат