Климат дағдарысынан әлемде тұңғыш рет тұтас мемлекет жойылады. Территориясы су астында қалатын ел мемлекеттілігін сақтап қалу үшін цифрлы ұлт жобасын қолға алмақ
Климат дағдарысынан әлемде тұңғыш рет тұтас мемлекет жойылады.  Территориясы су астында қалатын ел мемлекеттілігін сақтап қалу үшін цифрлы ұлт жобасын қолға алмақ
3 жыл бұрын 3336 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Alastair Grant / AP

Таяуда Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйытқы болуымен өткен климаттық саммитке тізеден су кешіп тұрып үндеу тастаған шағын аралдан тұратын Туалу мемлекетінің сыртқы істер министрі Саймон Кофе ел аумағы су астында қалатындықтан өзге елдерге қоныс аударуға қамданып жатқанын жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған арал ел билігі жаһандық жылынуға байланысты мұздақтардың еруінен әлемдік мұхит деңгейінің көтеріліп келе жатқанына орай ел тұрғындарының жартысы – шамамен 5 мың адам Жаңа Зеландияға қоныс аударып үлгергенін мәлімдеді. Туалу – климат өзгерісінен жойылатын әлемдегі алғашқы ел. Осындай сцераниге байланысты аталған ел билігі территориясы су астында қалып, мемлекеттігін жоғалтуы мүмкін екенін ескере отырып, өздерінің мемлекеттілігін сақтап қалудың жалғыз жолын атады – цифрлы ұлт жобасы. Тұрғындары тарыдай шашырап кетсе де осы заманғы электронды құралдар, яғни, онлаин арқылы қызмет көрсетуден бастап, барлық саланы цифрландыруға күш салып жатыр. Бұдан бөлек, Туалу билігі әлем елдерін Туалу мемлекетін тануды (яғни, территориясы су астында қалғанымен оны мемлекет деп мойындауды) доғармауды сұрады.

Фото: Ministry of Justice, Communication and Foreign Affairs, Tuvalu Government

0 пікір
Мұрағат