Кенелермен күресу үшін химикаттан бас тартқан ел
Кенелермен күресу үшін химикаттан бас тартқан ел
5 жыл бұрын 2942 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осыдан екі бұрын, дәлірегі, шілде айының 26-сы күні Литваның қоршаған орта министрлігі ел аумағындағы ахуал күрделі сипат алса да кене популяциясымен күресуде орман-тоғай мен алқаптарды химиялық заттармен бүрікпейтінін мәлімдеді. Аталмыш министрлік түрлі компаниялардың ұсыныстарын қарастырғанымен олардың бірде-бірін қабылдамады. Өйткені, кенемен күресуде олардың ұсыныстарының тиімсіз тұстары көп. Бір маусымда бірнеше рет әрі жиі, ұдайы қолдануды қажет етеді. Бұған қоса, орман-тоғай мен алқаптарды химиялық заттармен бүрку қымбат тұратын шара. Оның үстіне, жер бетінде күресу жұмыстары да, әуеден бүрку де ойдағыдай нәтижеге жеткізбейді. Өйткені, кенелер биіктігі 1,5 метрге дейінгі шөптер мен өсімдіктердің жапырақтарында тіршілік етеді. Кенемен әуеден күресу кезінде химиялық заттардың көп мөлшері ағаштардың бұтақтары мен жапырақтарына түседі. Десе де Литва билігі химиялық заттардан бас тартқан жағдайда кенемен қалай күресетінін айтпады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Литва Еуропалық одақ құрамындағы кене тасымалдайтын инфекциямен сырқаттанғандар саны бойынша көш бастап тұрған ел.  Биыл, яғни, жыл басынан бері Литвада 99 адам кене энцефалитін жұқтырған. Олардың екеуі аталған дерттен бақилық болып кеткен. Сондай-ақ, бұл елде кене энцефалиті ешкі сүті арқылы таралатыны белгілі болып отыр. Яғни, термикалық өңдеуден өтпеген ешкі сүті аталмыш індет ошағына айналған. Литваның ЖИТС-пен және инфекциялық аурулармен күрес орталығының мамандары осындай тұжырымға келген. Кене энцефалитінің ешкі сүті арқылы таралуы ең қауіпті саналады. Яғни, індеттің таралуын тездететін жол.

Кене энцефалитін тудыратын кене түрі негізінен Қиыр шығыста, Сібірде, Оралда және Еуропаның оорта белдеуінде кеңінен тараған. Энцефалитті 100 кененің алтауы жұқтырған. Орташа есеппен алғанда. Мамандар келтірген дерек бойынша. Кенелер әдетте ауа Цельсия бойынша 1-3 градус жылығында оянады. 10 градуста белсенділігі артады. Ең қолайлы температура олар  үшін – 20 градус (ылғалдылық 80%).

0 пікір
Мұрағат