Катарлық Heenat Salma фермасы шөл далада көкөніс өсіру технологиясын жетілдірді
Катарлық Heenat Salma фермасы шөл далада көкөніс өсіру технологиясын жетілдірді
2 жыл бұрын 1658 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Катардағы Heenat Salma фермасы климаты қатал, құрғақшылық жайлаған аймақта орналасқан елдердің ауыл шаруашылығы үшін үлгі тұтатын үздік технологиясымен шөл даладан мол өнім алуға қол жеткізіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Independent ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Катарлық шаруалар шөлді өлкелер мен құрғақшылық тән өңірлерде регенеративті өсуді қамтамасыз ету үшін экологиялық технологияларды мейлінше оңтайландырған. Гидропоникалық көкөніс өндірісін кеңейтудің арқасында өткен жылдың өзінде жергілікті өнім 66 мың тоннадан 103 мың тоннадан астамға өскен. Катардың қатал табиғаты, импортқа тәуелділігі және құрлықтағы, әуе және теңіздегі блокадалар оның тұрғындарының ауыл шаруашылығына жарамсыз деп саналып келген жер телімдерін белсенді түрде игеруге итермелеген екен. Олар бұл тарапта стратегиялық маңызы зор азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үшін жаңа технологияларға айрықша назар аударып отыр. Статистикалық мәліметке жүгінсек, Катар халқы 1941 жылы бар-жоғы 11 мың адамнан аспаған еді, бүгінде бұл көрсеткіш 3 млн-ға жеткен. Халық санының көбеюі өз кезегінде ауыл шаруашылық өнімдеріне деген импорт тәуелділігін арттырған. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шөл және шөлейтті өлкелерді немесе құнарынан айырылған жерлерді қалпына келтіру және өңдеу арқылы қарасы өсіп келе жатқан халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын деңгейге жеткен. Жергілікті фермерлер Caravane Earth Foundation («Керуен жер») қоры арқылы жерді сауықтыру және жыл мезгілдерімен үйлесімді өмір сүру мақсатына негізделген жергілікті ауылшаруашылық бастамаларына этикалық көзқарастардың жаһандық қажеттілігін қанағаттандыруды алдына мақсат етіп қойып отыр. Heenat Salma фермасы - шөлді аймақтарда қалпына келетін көкөніс өсірудің экологиялық технологияларын оңтайландыру бастамаларының бірі ғана. Аталмыш жоба шөл далада, Шахания қауымдастығы арасында орналасқан елдегі органикалық ауылшаруашылық тәжірибесінің алғашқы түрі. 2019 жылы аталған қор агрономия, сәулет және су инфрақұрылымы саласындағы сарапшылар тобын біріктіріп, біртұтас ферма үлгісін және кәдімгі ферманы қалпына келтіретін ауыл шаруашылығы орталығына айналдыру және Араб түбегіне тән төтенше климатта тиімді пермакультураны енгізу үшін 10 жылдық стратегияны әзірледі.

Desert farming: learning how to grow crops in a severe climate

Gulftimes : Qatar's 'one-of-its-kind' farm to produce more organic  vegetables, fruits

Qatar props up organic farming - Terramadre Organic Farm

0 пікір
Мұрағат