Канада ғалымдары балықты құрлықта «жүруге» үйретті
|
Осыдан 400 млн жыл бұрын құрлықта мекен еткен балықтардың қалай эволюцияға ұшырағанын тексеріп көрмек болған Оттава университетінің Эмил Станден бастаған ғалымдары тәжірибе үшін Африканың Ніл өзенінде мекендейтін, «бишир» деген атпен белгілі балықты таңдады. Бұл жайында CBC News ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш балық жер бетін алғашқы боп мекен еткен омыртқалылар тобына жатады әрі жүзбеқанатымен құрлықта жылжи алады. Эмил Станден бірнеше биширді алдырып, оларды құрлықта жас кезінен «жүруге» үйретті. Алдымен оларды азғантай су құйылған резервуарға орналастырды. Сегіз айдан кейін ғалымдар оларды аквариумде өсіп-жетілген балықтармен салыстырып байқады. Құрлыққа бейімделген биширлердің төсі мен жотасының жоғары жағының сүйегінің пішіні өзгергенін байқады. Бұл өз кезегінде балықтардың құрлықта төзімділік танытуына, үлкен салмаққа төтеп беруіне көмектескен. Нәтижесінде тәжірибе жасалған биширлер құрлықта жылжығанда аса қиналмаған әрі бастарын жоғары ұстаған. Қазіргі уақытта Эмил Станден әріптестерімен тәжірибиені ары жалғастыруда.