Жолбарыстың көмегімен экономикасын көтеруге бел буып отырған ел
Жолбарыстың көмегімен экономикасын көтеруге бел буып отырған ел
3 жыл бұрын 3929 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Үндістан билігі жабайы жолбарыстар популяциясын келесі он жылда 35 пайызға дейін – 4 мыңға дейін арттаруды көздеп отыр – орманды осылайша қорғамақ, ал бұл жайт өз кезегінде ел экономикасын тұралап қалудан сақтайды. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg әскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жолбарыс қорығының тек экономикаға ғана емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да пайдалы екенін алға тартады мамандар. Үндістан билігі бенгал жолбарысын сақтау үшін қабылдаған «Жолбарыс» (Project Tiger) деп аталатын мемлекеттік бағдарламасы аясында 1973 жылдан бері жалғасын тауып келе жатқан қаржыландыру мөлшерін екі есеге арттырды. Бүгінгі таңда Үндістан жыл сайын жолбарыс популяциясын сақтап қалу мақсатында 2,5 млрд рупи (33,6 млн доллар) бөледі. Бүкіл әлемдік жабайы табиғатты қорғау қорының келтірген дерегіне қарағанда, жолбарыстың әрбіреуі орманның 10,11 мың гектарының сақталуына септігін тигізеді. Осыны ескерген үнді билігі ел аумағындағы орман-тоғай ауқымын 80 млн гектарға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Бұдан бөлек, Нью-Дели қаласындағы әлемдік ресурстар институтының бас экономисі Мәду Уерманың есебінше, жолбарысты сақтауға инвестицияланған қаржының әр рупиі елге жылына 243-7488 рупи (3,27-100,67 доллар) болып қайтады (пайда әкеледі). Оның мәліметі бойынша жолбарыс қорығы жылына  Үндістан үшін бұл көрсеткіш жылына 51-ден 162 млрд рупи (685 млн доллардан 2,1 млрд долларға дейін) болмақ. Бұған қоса, жолбарыс қорығын инфрақұрылымман жабдықтап, туристер тарту арқылы да табыс табуға болатынын алға тартып отыр. Жергілікті тұрғындарға жұмыс орны ашылады. Жолбарыстар жойылу қаупі төніп тұрған жыртқыш болғандықтан азық-түлік тізбегінің ұшар басында тұр, оларды тек бүкіл экологиялық жүйені қорғау арқылы сақтап қалуға болатынын алға тартып отыр сарапашылар. Үнді билігі жолбарыстарды қорғау үшін, дәлірегі, оларды қарауылдау, қадағалау, жағдайын барлау үшін жасанды зердеден бастап, дрондарға дейін қолдануды ұйғарып отыр. Осы заманғы озық технология өз кезегінде жолбарыстарды браконьерлерден қорғауға мүмкіндік бермек. Ресми дерек бойынша соңғы үш жылдың өзінде 300-ден аса жолбарыс өлген екен, олардың шамамен үштен бірі браконьерлердің қолынан және жазатайым оқиғалардан өлген. 

0 пікір
Мұрағат