Жерге ең қауіпті қалалар аталды
|
Қытай ғалымдары парникті газдың ең ірі көздерін атады. Жер планетасына ең қауіпті деген әлемдегі 25 қаланың арасында Мәскеу, Бейжің және Токио мегаполистері көш бастаған. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Frontiers ғылыми порталында жарияланған зерттеуде 53 елдің 167 қаласының парникті газбан атмосфераны ластау деректері салыстырылған екен. Бұл тарапта Қытай алдыңғы шептен көрініп, 23 қаласы ең ірі ластаушы қалалардың қатарына кірген, олардың арасында Бейжің, Шанхай және Халдун секілді мегаполистер бар. Қытайдың осы 23 қаласы, Мәскеу және Токио бірігіп, атмосфераны ластау бойынша әлемдік көрсеткіштік 52 пайызын құрап отыр. Бүгінде жаһандық жылыну деңгейі индустриялық кезеңнен Цельсия бойынша бір градустан асып кеткер әрі климат өзгерісінің алдын алу жөніндегі Париж келісімінде бекітілген шекті меже – Цельсия бойынша 1,5-2 градустан да асып кету қаупі төніп тұр. Гуанжоу қаласындағы Сун Иатсен университетінің Шаосин Шен есімді эколог ғалымы әлемдегі мегаполистердің климатқа тигізер әсерін зерделеген екен. Атмосфераны ластауды толық тоқтататуды көздеп отырған 68 қаланың дені дамыған елдер аумағында орын тепкен. Аталмыш зерттеу барысында бұл 68 қаланың 42-нің (оның 30-ы АҚШ пен Еуропада) эколгиялық деректері сарапталған болатын. Бір қызығы, Қытайдағы жан басына шаққандағы ластаушы заттар көбінесе өндірістік орталықтарында бөлінген, ал мұндай ластаушы заттардың бөлінуі дамыған елдерде тұтыну деңгейі жоғары мегаполистерде орын алған. 2018 жылы Environmental Research Letters мерзімді басылымында жарияланған бұл бағыттағы зерттеуде ірілігі мен көлемі әртүрлі 13 мың қаланың көміртекпен ауаны ластау деңгейіне қатысты мәліметтер талданған екен. Соның ішінде әлем тұрғындарының 11 пайызы тұрып атқан 100 қаланың бұл саладағы үлесі әлемдік көрсеткішке шаққанда 18 пайызды құраған болатын.