Жердің жартысына жуығы қорыққа айналдырылуы мүмкін
Жердің жартысына жуығы қорыққа айналдырылуы мүмкін
4 жыл бұрын 3447 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың нұсқауының негізінде жаңа қорық құрылуы мүмкін аймақтар белгіленген карта жасалды (жоғарыда – ред.). Жер ғаламшары бір-бірімен өзара тығыз байланысты екі таудай проблемамен бетпе-кет келіп отыр: біріншісі, биологиялық әр алуандылықтың азаюы, ал екіншісі – климат өзгерісі. Бұл екі фактор да адамзаттың кесірінен орын алып отыр. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жылдан жылға қарасы көбейіп келе жатқан адамзаттың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тың жерді игеру науқаны еш толастаған емес. Бұл өз кезегінде биологиялық әр алуандылыққа әрі қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп, күн тәртібінен түспейтін жаһандық көкейтесті мәселеге айналды. Бұл бағытта арнайы жүргізілген жаңа зерттеу нәтижесінде айтылғандай, бүгінгі таңда жердің, дәлірегі, құрлықтың шамамен 50%-ы игерілмеген. Ғалымдар мемлекет басшыларын адам игермеген жерді қорыққа айналдырып, қорғауға алуға үндеп отыр. Бұл бастама ғаламдық қауіпсіздік желісі ретінде алға шығады. Ғалымдар картада белгілеген аймақтардың жер планетасын аман сақтап қалу үшін маңызды рөл ойнайды. Вашингтон қаласында орын тепкен RESOLVE коммерциялық емес ұйымының биолог-экологы Эрик Динерштейн мен оның әріптестері бұрыннан бар мемлекет қорғауындағы аймақтардың картасын жасап қойған. Бұл шамамен жердің, дәлірегі, құрлықтың 15%-ын қамтиды. Ғалымдар осыдан кейін адам тимеген экологиялық жағынан маңызды аймақтарды белгілеп шықты. Жойылу алдында тұрған биологиялық түрлерді сақтау үшін жердің шамамен 2,3%-ын резервте сақтау қажеттілігін көлденең тартып  отыр. Бүгінде табиғатта онсыз да сирек кездесетін биологиялық түрлер жердің 6,3%-ныда тіршілік етеді. Бұл аталған жерлерді де мемлекет қорғауына алуы тиіс. Мәселен, Оңтүстік Америкадағы Пантанал өңірінде қабылан бар. Биологиялық түрлердің әр алуандығының тіршілігін қолдау үшін жердің тағы 16%-ын қорыққа айналдыру керек. Ғалымдардың тұжырымы бойынша қорықтардың аумағы үш есеге артуы тиіс – бүгінде 15%-ға тағы 35,3%-ды қосып, қорғауға алынатын аумақты жердің 50,3%-на дейін жеткізу керек. Бүгінгі таңда әлем елдері 2030 жылға дейін жер бетінің 30%-ын қорыққа айналдыру бағытында жоспар әзірлеп жатыр. Эрик Динерштейннің айтуынша, мұның өзі жеткіліксіз.

Карта заповедников Земли

0 пікір
Мұрағат