Жасыл энергияға, экономикаға көшу ресурс тапшылығын тудырады
Жасыл энергияға, экономикаға көшу ресурс тапшылығын тудырады
2 жыл бұрын 1128 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың пайымдауынша, адамзат көміртектен бас тартқан сайын жаңа проблемаға кез болуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Scitech Daily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күкірт қышқылы қазіргі өнеркәсіптік қоғамдағы негізгі химиялық зат болып табылады және әлемдік экологиялық таза технологияларды дамытуға ұмтылу адамзатты жаңа дағдарысқа - бұл жолы ресурстық дағдарысқа ұшыратады. Бұған Лондон колледжі университетінің зерттеушілері келтірген жаңа деректер дәлел. Ғалымдар таяу болашақта, егер жағдай өзгермесе, біз күкірт қышқылының тапшылығын бастан кешіреміз - 20 жылдан аз уақытта оған сұраныс екі есеге жуық артады деген қорытындыға келіп отыр. Айта кету керек, қазіргі әлемде күкірт қышқылы «жасыл экономикаға» көшу үшін қажет фосфатты тыңайтқыштар, литий-иондық аккумуляторлар, сондай-ақ, кобальт пен никель алу үшін мейлінше молынан қолданылады. Қазіргі уақытта күкіртпен жабдықтаудың негізгі бөлігі мұнай шикізаты мен табиғи газды өңдеу қалдықтарынан болып отыр - осылайша газ тәрізді газдың шығарындылары барынша азайтылады, бұл планетаны қышқыл жаңбырдан қорғайды. Дегенмен, адамзат тығырыққа тірейтін тұйық шеңберге тап болады - адамзат климаттың күрт өзгеруіне жол бермеу үшін қазба отынынан бас тартуы керек. Есесіне, болашақта біз экологиялық таза технологияларға көшу үшін қажет күкірт қышқылының тапшылығына тап боламыз. Күкірт қышқылын алмастыратын технология немесе ресурс әлі жоқ. Ғалымдар күкірт қышқылының тапшылығына жол бермес үшін оның тікелей өндірісін арттыру керек  деп есептейді. Бұл өз кезегінде қазіргі жағдай да күрделі мәселелерге әкелмек. Нәтижесінде ғалымдар күкіртті өндірудің арзан әрі  экологиялық таза әдістерін әзірлеуді қазірден бастап қолға алу керек деген қорытындыға келіп отыр. Келешекте мұндай тәсіл әлемде ресурстар дағдарысының алдын алуға көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат