Жасанды зерде технологиясына салынатын инвестиция күрт құлдырап кетті
Жасанды зерде технологиясына салынатын инвестиция күрт құлдырап кетті
2 жыл бұрын 1380 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өткен 2022 жылы күллі әлем бойынша жасанды зерде саласына құйылатын инвестиция мөлшері 34 пайызға, яғни, 45.8 млрд долларға дейін құлдырап кетті. Бұл жайында islam.kz порталы CB Insights (cbinsights.com) дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2022 жылы жасанды зерденің жаһандық саласында 2956 транзакция (мәміле) жасалды, бұл деңгей 2021 жылмен салыстырғанда 10 пайызға аз. Сонымен қатар, жасанды зерде технологиясын дамытуға салынған инвестиция мөлшер үштен біріне азайғанына қарамастан бұл меже 2018-2020 жылдардағы көрсеткіштерден асып түседі. Жасанды зердеге қатысты қоғам арасында қалыптасқан әр алуан пікір қайшылығы мен түрлі болжамдар арасында жасанды зерденің еңбек нарығындағы адами капиталды ығыстыру қатерінің жоғары болуы туралы көзқарас кеңінен қалыптасқан. Дегенмен, жасанды зерде осы күнгі дамудың негізгі ұстындарының біріне айналғандықтан бұл салаға алдағы уақытта да инвестиция тартылатын болады.

0 пікір
Мұрағат