|
Жарнаманы «тазалауды» қолға алмақ
|
Ресей Федерациясының қоғам мүшелері Мемлекеттік Думадан іш киіммен түскен және жартылай жалаңаш адамдар бейнеленген жарнамаға заң жүзінде тыйым салуды талап етіп отыр. Осы мәселеге қатысты заң жобасының авторы, «Қауіпсіздік үшін» деп аталатын қоғамдық ұйымның жетекшісі Дмитри Курдесовтың айтуынша, әйел адамның іш киімі бейнеленген жарнамалар көлік тізгінінде отырғандардың назарын өзіне бұрып, жол қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, сонымен қатар, әлі оң-солын танып болмаған балалар мен жасөспірімдердің психикасын бұзады. Яғни, тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Дмитри Курдесовтың бұл ұсынысы Мемлекеттік Думадағы отбасы, әйелдер мен балалар мәселелерімен шұғылданатын комитет тарапынан қолдау тапты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды