Жаратқанға тіл тигізуге салынған тыйымның күшін жойды
Жаратқанға тіл тигізуге салынған тыйымның күшін жойды
8 жыл бұрын 3145 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Данияда осыдан үш ғасыр бұрын қабылданған дүйім көзінше Жаратқанға тіл тигізуге тыйым салатын заңның күші жойылды. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзі хабар таратты. 

"Ел көзінше нені айтуға, нені айтпауға болатынын дін шешпеуі керек",- деді депутаттар неліктен аталған тыйымның күшін жойғандарын түсіндіре келе. Десе де мынаны айта кету керек, дат депутаттары адамның наным-сеніміне байланысты оған тіл тигізуден және діни кемсітушіліктен қорғайтын ережені қолданыстан шығарған емес. 

Тағы бір айта кететіні, Дания Скандинавиядағы Жаратқанға тіл тигізгені үшін 4 жыл бас бостандығынан айыратын жалғыз ел болып келген. Аталған тыйымның күшін жоюға бұл фактор да түрткі болғанын жоққа шығармаймыз. 

Тағы бір айта кететін жайт: соңғы 80 жыл ішінде аталған заң талаптары бірнеше рет қана ескерілген болатын. Яғни, ұмтылып бара жатқан, сол себепті, ескірген деп есептелген заңға жатқызылған. Бұл заң талабы жергілікті мерзімді басылым бетінде Пайғамбарлар падишасы - Мұхаммед Мұстафаға (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) салынған карикатураға қатысты дау-дамай кезінде бір ескерілген. Аталған заң талабы бойынша бұл дау-дамайға қатысты қандай үкім шығарылғаны туралы дерек жоқ. Қызық болғанда, Фейсбук әлеуметтік желісінде қасиетті Құранды өртеген сәтін жариялаған исламофобқа сот үкімі шығар кезде бір апта бұрын бұл заң өз күшін жойып, қылмыскер жауапкершіліктен жалтарып кетті. 

0 пікір
Мұрағат