Жапонияда жұмыс берушімен келісімшартты бұзуға көмектесетін фирмалардың танымалдылығы артуда
|
Жапония тұрғындарының кейбіреуі күніне 12 сағат жұмыс істеуге мәжбүр. 12 сағат күншығыс елінде «қысқа» жұмыс күні болып саналады. Бұл жайында islam.kz порталы dzen.ru сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дерекке сәйкес арал мемлекеттің кейбір қалаларында әдеттегі жұмыс күні сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін – ең қысқа жұмыс кестесі осындай. Бұл елде еңбек демалысына шығу немесе жұмыстан өз еркімен кету қиын – жұмысшы немесе қызметкер жұмыс берушімен өмір бойы бірге қалмаса да, ондаған жылдар бойы қалады. Бұған күншығыс еліндегі жұмыстан кетуді өз атына кір келтіріп, келесі жұмысқа тұруына кедергі келтіретін фактор ретінде қарастырылатыны себеп болып отыр. Жапонияда қызметкерлерге еңбек шартын заңды түрде бұзуға көмектесетін арнайы фирмалар бар. Мәселен, Momuri деп аталатын компания соңғы бір жылда клиенттер тарапынан осындай мәселе бойынша 11 мыңға дейін өтініш түскен. 22 000 иен (72 632 теңге) немесе толық емес жұмыс күнімен жұмыс істейтін жұмысшылар үшін 12 000 иен (39 617 теңге) үшін аталған ұйым қызметкерлерге жұмыстан кету туралы өтініштерін беруге, компаниялармен келіссөздер жүргізуге және құқықтық даулар туындаған жағдайда адвокаттарды таңдау бойынша кеңес беруге уәде етеді.
Осындай мәселе бойынша 2017 жылы жарияланғаннан бері ел бойынша еңбек бюроларының қара тізіміне 370-тен астам компания енген