Жапондар алтыншы жыл қатарынан азайып барады
|
Күншығыс елінің денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің халықтың табиғи қозғалысы туралы келтірген тсатистикалық дерегіне қарағанда, өткен жылы (2021 ж.) аталған арал мемлекетте 842 897 бала дүниеге келген. Бұл көрсеткіш оның алдындағы 2020 жылғы мәліметпен салыстырғанда 29 786-ға кем. Бұл жайында islam.kz порталы nippon.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл деректе шеттелде тұратын жапондар да ескерілген. Ал Жапонияда тұратын жапондар қарасы шамамен тағы 30 мың адамға азайған. 2020 жылы жұқпалы індет өршіп тұрғанның өзінде өлім-жітім көрсеткіші 11 жылдан бері алаш рет азайғанымен 2021 жылы қайта артқан. Яғни, 2021 жылы бұл елдегі өлім-жітім көрсеткіші, дәлірегі, қайтыс болғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 67 745-ке өсіп, 1 452 289-ға жетті, бұл соғыстан кейінгі ең жоғары көрсеткіш. Халқтың қандай да бір техногендік немесе табиғи апаттан емес, я болмаса жұқпалі індеттен емес, табиғи жолмен кемуі орын алған – қартайып қаза тапқандар қарасы көп. Халықтың табиғи кему көрсеткіші, яғни, туғандар санын шегергенде өлгендер саны 609 392 адамды құрап, алғаш рет 600 000-нан асты. Бұдан бөлек, отбасын құрушылар қарасы да азайған - 4,3%-ға, яғни, 514 242 жұпқа дейін кеміген. Жапония халықтыңң қартаю процесі бойынша жан басына шаққанда әлемде бірінш орында тұр.
Ұқсас материалдар:
«Жапондар 1 млн-ға азайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/japondar-1-mln-ga-azaidy-16114/#gsc.tab=0);
"Халықтың қартаюы бойынша бірінші орында тұрған елде қарттар қарасы рекордтық көрсеткішке жетті" (https://islam.kz/kk/news/alem/halyqtyn-qartayuy-boiynsha-birinshi-orynda-turgan-elde-qarttar-qarasy-rekordtyq-korsetkishke-jetti-15775/#gsc.tab=0);
«Бір ғана елде жасы 100-ден асқан қарттар қарасы 86 мыңнан асып кетті» (https://islam.kz/kk/news/alem/bir-gana-elde-jasy-100-den-asqan-qarttar-qarasy-86-mynnan-asyp-ketti-15755/#gsc.tab=0);
«Қартайған халықтың бас қайғысы» (https://islam.kz/kk/news/alem/qartaigan-halyqtyn-bas-qaigysy-11490/#gsc.tab=0);
«Күншығыс елі бір жыл шамасында соғыссыз, табиғи апатсыз, аштықсыз жарты млн-ға тарта адамынан айырылып қалды. Бір ғана себептен...» (https://islam.kz/kk/news/alem/kunshygys-eli-bir-jyl-shamasynda-sogyssyz-tabigi-apatsyz-ashtyqsyz-jarty-mln-ga-tarta-adamynan-aiyrylyp-qaldy-bir-gana-sebepten-12088/#gsc.tab=0);
«Биыл саны ең көп кеміген қай халық» (https://islam.kz/kk/news/alem/biyl-sany-en-kop-kemigen-qai-halyq-11244/#gsc.tab=0);
«80 жасқа дейін жұмыс істеуге рұқсат берілмек» (https://islam.kz/kk/news/alem/80-jasqa-deiin-jumys-isteuge-ruqsat-berilmek-13912/#gsc.tab=0);
«Қартаю процесі қарқын алған елдегі жасы 100-ден асқан қариялардың қарасы қаншаға жетті» (https://islam.kz/kk/news/alem/qartayu-protsesi-qarqyn-algan-eldegi-jasy-100-den-asqan-qariyalardyn-qarasy-qanshaga-jetti-12384/#gsc.tab=0);
"Тұңғиыққа тартқан жапон иірімі" (https://islam.kz/kk/news/alem/tungiyqqa-tartqan-japon-iirimi-11409/#gsc.tab=0)