Жануарлар әлемі: Науқас иесін қатты сағынған ит (видео)
Жануарлар әлемі: Науқас иесін қатты сағынған ит (видео)
8 жыл бұрын 2893

Иесін қатты сағынған иттің әрекеті жұртты таңғалдырды, - деп хабарлады tengrinews.kz ақпарат көзі "Алаш айнасы" басылымына сілтеме жасай отырып.

Аталмыш басылымның мәліметінше, бразилиялық 49 жастағы Хежане Чили қатерлі дертке шалдығып, ауруханадан қысқа мерзімге де шыға алмайтын хәлге жеткен. Ол осыны ескеріп, үйінде күшік кезінен асырап алған итінің қалғанын айтып, ауруханаға қызметкерлерінен оны ауруханаға әкелуін өтінеді. Себебі, ол сүйікті Ричисіз өткізген әр күні ауыр соққы болып тиіп жатқанын айтқан.

"Маған итімті көру арман болып қалды. Егер аурухана басшылары менің бұл өтінішімді орындаса мен үшін одан асқан бақыт болмас еді", -деді ол.

Ақырында аурухана қызметкерлері Хежаненің итін палатаға болмаса да, аурухананың күту залына әкеліп, жолықтырғанда ол иесін көрген бойда аянышты хәлге қалай түскенін байқаған дәрігерлер көз жасын тыя алмады. Осы бір кездесуді көрген әлеуметтік желі қолданушылары бұл құбылысты тылсым күшке балап, кей жануарлардың мейірімі көп адамнан артық деген пікірлерін жазды.

1 пікір
  • Ит жануары адам баласына оте жакын немесе дос деп айтудын бир кориниси. Онын себеби макулык ит азыктын, камкорлыктын т.б жаксылыктын барлыгы адамнан деп ойлауы. Муншалыкты иттин- иесине(адамга) деген адал болуы биздерге адамдарга улги болуы керек деп ойлаймын бауырлар! Раббымыздын иемиздин алдында адал болуды жазсын!
    8 жыл бұрын
Мұрағат