Жаңа геосаяси жағдай Мысыр экономикасына қаншалықты әсер етеді
Жаңа геосаяси жағдай Мысыр экономикасына қаншалықты әсер етеді
6 жыл бұрын 5449 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мысыр – халқы Нілдің бойында тығыз орналасқан ірі мұсылман елі. Ауыл шаруашылығы елдің күретамыры саналатын Нілмен байланысты. Десе де аталған елдің ауыл шаруашылығы 1952 жылдан соң негізгі кіріс көзі болудан қалған. Нілдің жазығында Мысырда кездесетін барлық дәнді-дақылдар өсіріледі. Мәселен, жүгері – шамамен 6,8 млн тонна, арпа – 6,2 млн тонна, күріш – 5,6 млн тонна, мақта – 0,8 млн тонна, қант қызылшасы – 3,2 млн тонна, т.б. Өткен ғасырдың орта шенінде және бертін 3,3 млн гектар суармалы жерден (1,3 млн тонна тыңайтқыш, яғни, бір гектарына орташа есеппен шамамен 4 центнер кететін) мол өнім алып отырған ел. Осыдан он шақты жыл бұрынғы статистикалық мәліметке қарағанда, Мысырдағы ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорттағы үлесі бар-жоғы 15,4 %-дан аспаған еді. Бір ғана Нілдің арқасында осынша ауыл шуаруашылық өнімін сыртқа шығара алған. Пирамидалар елінде 2005 жылдан бастап «Жаңа жазық» жобасы қолға алынды. Аталмыш жобаға сәйкес елдің батысындағы шөлді аймақтағы Насер су қоймасына Нілдің суын ағызу арқылы ауыл шаруашылыққа жарамды жердің көлемін ұлғайтпақ болған еді. Алайда, бұрын да жазғанымыздай, Эфиофия аумағында, дәлірегі, Нілдің суын ортайтып тастауы мүмкін ГЭС құрылысына Мысыр билігі қарсылық танытып жатыр. Бұл бағытта аталған елдер билігі бір тоқтамға келмегінін де айтып өткенбіз. Эфиофиядағы ГЭС құрылысы өз кезегінде Мысыр билігінің ауыл шаруашылыққа жарамды жердің көлемін ұлғайту жоспарына кедергі келтірмек. Мысыр билігі ауыл шаруашылық жерін ұлғайтуға мүдделі. Халық саны жылдан жылға өсіп келеді. Бұрын да жазғанымыздай, биыл халқының саны 98 376 438 адамды құрап отыр. Яғни, бір миллионға жуықтап қалған. Бұл бағытта Мысыр билігінің халық санының өсуіне шектеу қоюға талпынғанын да айтып өткенбіз. Сағат сайын елде орташа есеппен 8 мыңға тарта шарана дүние есігін ашады. Яғни, туу көрсеткіші өте жоғары елдердің бірі. Әйткенмен Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Дүниежүзілің азық-түлік бағдарламасы ұйымы 2009 жылы келтірген дерек бойынша мысырлық балалардың 31 пайызға жуығы тойып тамақ ішпейді. Бұл да әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіш. Мысырлық CAPMAS мемлекеттік органының есебіне үңілсек, мысырлықтардың 5,2%-ы ашқұрсақ өмір сүріп жүр. Бұл да 2009 жылғы дерек екенін ескерсек, содан бері бұл көрсеткіш артпаса, кемімейді. Бір ғана Ніл қанша үлкен өзен болса да, оның да ресурсы шектеулі. Жалғыз Нілге күні қарап отырған мысырлықтардың 20 пайызының қажетін өтей алмайды. Жылына. Нілдің суын тиімді пайдаланбау мен халықтың өсіміне қарай. Бұдан бөлек, Мысыр экспортының негізгі бөлігін мұнай шикізаты құрап отыр. Мұнай қоры Синай түбегі мен Суэц шығанағында (Бадри, Белаим, Рамадан, Рас Судар, т.б.кен орындары). Бұдан бөлек, туризм саласы Мысырдағы саяси дағдарыс пен халық толқуларынан соң ақсап, айтарлықтай кіріс болудан қалған. Бір ғана 2013 жылы туристер қарасы аталған елде бірден 41%-ға кеміп кеткен. 2012 жылы туризм саласынан түскен 10 млрд доллардың орнына 5,9 млрд доллар табыс түскен. Десе де бәзбіреулер айтып жүргендей, туризм саласына ел билігі басымдық бергенімен ол экономиканың негізгі кіріс көзі емес. Мәселен, 2014 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласынан 7,5 млрд доллар табыс түссе, жалпы ішкі өнім 350 млрд доллардан асқан. Осыған қарап туризм саласының аталған ел экономиксаындағы орнын шамалай беруге болады. Десе де 2010 жылға дейін Мысыр экономикасы туризм саласынан жылына 11-12 млрд доллар табыс тауып келген болатын. Мысыр экономикасына табыс түсіріп отырған мигранттардың аударған ақшасынан ұсталатын қаражатты да жатқызуға болады. Елден тысқары жерлерде жұмыс істейтін мысырлық еңбек мигранттарының есебінен ел қазынасына 20 млрд доллар түседі екен. Жылына. 

Суэц каналының Мысыр экономикасындағы үлесі

Бір ғана Суэц каналы мысырлықтарға жылына кем дегенде 5,4 млрд доллар пайда әкеліп оотырған еді. Алайда, Ресей, Үндістан және Иран билігі «Солтүстік-оңтүстік» көлік дәлізінің жобасын көп ұзамай талқылайтын болады. Аталған елдер осы айдың соңына дейін жалпы ұзындығы 7,2 мың шақырымға созылатын ауқымды жобаны қолға алмақ. Аталмыш жоба теміржол, су көлігін қамтиды. Тауар Үндістаннан Иранның Парсы шығанағындағы Бендер-Аббас қаласына, одан ары Каспи теңізі арқылы Астраханға, одан ары теміржолмен Еуропаға жөнелтіледі. Бұл көлік дәлізінен жылына 20-30 мың тонна жүк өтеді. Тараптарға Суэц каналын айналып өтетін дәліз аталған елдерге жылына тасымалдау шығынына кететін шығынның 30-40%-ын үнемдеуге мүмкіндік бермек. Бұл аталған жоба үш елге тиімді болғанымен Мысыр экономикасын шатқаяқтатып кетейін деп тұр. Әзірге Мысырдағы Суэц каналы Азия мен еуропа арасындағы ең төте жол болып тұр. Мысыр үшін туризм саласынан түсетін табыспен шамалас пайда әкелетін, құрылысы 1859 жылы басталған Суэц каналы кезінде халықаралық сауда-саттықта стратегиялық маңызға ие болған еді. Сол кездегі бұл каналдың 53% акциясына француздар ие болған еді. Бұл канал, сонымен қатар, еуропалықтардың Африка құрлығын отарлауға да септігін тигізген болатын. Тарихы тым арыдан жатқан каналдан Мысыр билігі 2023 жылға қарай тәуліктік кеме өткізу мүмкіндігін 97 кемеге дейін арттыруды жоспарлап қойған да еді. Осы бағытта 2015 жылы каналдың екінші арнасын ашты. Жыл сайын Суэц каналынан түсетін табысты 13,2 млрд. долларға арттыруда көздеген болатын. Өткен жылы Суэц каналынан 1,041млрд тонна жүк тасымалданды. Бұл әлемдік жүктің шамамен 10%-ын құрайды.

0 пікір
Мұрағат