Жалғыздық пен жоқшылықтан қашып, түрмені паналайтын қарттар қарасы көбейген (фото+видео)
Жалғыздық пен жоқшылықтан қашып, түрмені паналайтын қарттар қарасы көбейген (фото+видео)
6 сағат бұрын 164 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапонияда жалғызілікті қарттар түрмеге түсу үшін түрлі қылмыстарға баруына тура келеді. Жалғыздық пен жоқшылықтан қашып. Бұл жайында islam.kz порталы edition.cnn.com ақпарат көзіне сілтеме жасай  отырып мәлім етеді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы келтірген дерекке қарағанда, күншығыс еліндегі жасы 65-тен асқандардың 20%-ы кедейлік шегінде өмір сүреді. Олардың дені көшеде аштан қатпасы үшін түрмеге түсуге талпынады. Өйткені, түрме қабырғасында баспанаға ие болады, тегін ас-ауқатқа қол жеткізеді. Бұдан бөлек, сырқаттана қалса, дәрігері жанында. Шүйіркелесетін адам болады, ал азат өмірде мұның бірі жоқ. Жаза мерзімін өтеп шыққандары қайта қылмыс жасап, тағы бас бостандығынан айырылады. Түрмеге асығады. Түрме қабырғасында олардың бар жағдайы жасалған: қалт-құлт етіп таяқпен жүретіндердің асты-үстін тазалайтын, жуындыратын, киімін ауыстыратын түрме қызметкерлері медбикелерге, ал түрменің өзі қарттар үйіне ұқсап кеткен. Сондай тұрмелердің бірі – Тошиги түрмесінің қызметкері Такаеси Ширанаганың айтуынша, кейбір азын-аулық зейнетақысы бар қарттар осы түрмеден шықпауы үшін айына 130-190 доллар төлеуге де разы екенін жеткізді.

The walls and fences of Tochigi Women's Prison, located north of Tokyo.

 

0 пікір
Мұрағат