|
Жалған ақпарат таратқан блогер өмір бойы бас бостандығынан айырылды
|
Біріккен Араб Әмірліктерінің федералды соты Катардың бес азаматын бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Оларға «Twitter» әлеуметтік желісінде билікке тіл тигізді» - деген айып тағылған. Төрт блоггер өмір бойы бас бостандығынан айырылса, біреуі он жылын темір тордың ар жағында өткізеді. Нақтырақ айтқанда, олар корольдің отбасы жайында жалған ақпарат таратқан. Олардың әрбіреуіне бұған қоса 270 000 доллар айыппұл салынды. Катарлық азаматтардың төртеуіна сырттай үкім шығарылды, тек біреуі ғана сотқа қатысқан. Яғни, он жылға абақтыға жабылған Хамад әл-Хаммади есімді азамат қана сотта болған. Жазасын өтеп шыққан соң оны елден қуады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Иран алғаш рет жасырын, реактивті жойғыш дронын ұшырды (видео)