Жаһандық жылынудан пайда көретін елдер...
|
Стэнфорд университетінің ғалымдары жаһандық жылынудан орын алған климат өзгерісінің жекелеген елдердің экономикасына тигізер әсерін салмақтап, саралап көрген екен. Ғалымдардың есебінше, соңғы 50 жыл ішінде жаһандық жылыну елдер арасындағы экономикалық көрсеткіштер арасындағы алшақтықты 25 пайызға арттырып жіберген. Бұл жайында Hightech.plus ақпарат көзі хабар таратты. Егер орташа ауа температурасы төмен болғанда әлемдегі аймақтар арасындағы айырмашылық мұншалықты ұлғаймас еді. Мәселен, 1961-2010 жылдар аралығында экваторға жақын орналасқан елдердің экономикалық өсу қарқыны климаттың өзгеруінен қатты баяулаған. Егер жаһандық жылу болмағанда аталған аймақтағы экономиканың өсу қарқыны 25 пайызға жоғары болар еді. Ал салқын өңірлерде күннің жылынуына байланысты экономикалық өсу қарқыны 20 пайызға артқан. Мәселен, Норвегияда жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 1961 жылдан бері 34 пайызға артқан. Ал экваторға жақын орын тепкен Үндістанда бұл көрсеткіш осынша керісінше кеткен. Яғни, 34-35 пайызға кеміген. Ғалымдар ескерткендей, жаһандық жылынудың әлем экономикасына тигізер зияны мен залалы тек ауыл шаруашылығымен шектеліп қалмайды, сонымен қатар, ауыл шаруашылығында қолданылатын технологиялардың кемуіне алып келмек әрі құрғақшылықтан немесе тасқын селден зардап шегетін ауыл шаруашылығына деген инвестицияны азайтпақ. Бүкіл әлемдік банк есебінше, климаттың өзгеруі Оңтүстік Азия елдерінің жалпы ішкі өнімін көп кемітеді. Мәселен, Бангладеште тұрғындардың орташа табысы 14,4 пайызға, ал Үндістанда 10 пайызға кемитін болады. Жаһандық жылынудан. АҚШ-та да ішкі өнім 10 пайызға кемімек.