Жаһандық дағдарысты тереңдететін тағы бір жоба пайда болды
Жаһандық дағдарысты тереңдететін тағы бір жоба пайда болды
1 жыл бұрын 1157 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: David Gray / Reuters

Австралияның Whitehaven Coal компаниясының көмір өндірісін ұлғайту туралы жоспары күллі әлем бойынша атмосфераға бөлінетін метан мөлшерін айтарлықтай арттырады. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg әскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ember сарапшыларының дерегінше, автралиялық компанияның бұл жобасы жаһандық жылыну қарқынын арттырып, климат дағдарысымен күресуді қиындатады. Қазіргі уақытта компанияның иелігінде төрт көмір шахтасы бар, аталмыш компания басшылығы олардың қатарын тағы бір шахтамен толықтыруды көздейді, атап айтқанда, Winchester South деп аталатын жаңа нысанның құрылысы арқылы беске жеткізуді көздеп отыр. Whitehaven Coal жоспары жүзеге асатын болса, осы онжылдықтың соңына қарай атмосфераға бөлінетін ластаушы газдың мөлшері екі есе артып, 64 000 тоннадан астамға дейін жетуі мүмкін. Сонымен бірге, 2050 жылға қарай көмір шахталарының кері әсері 1,2 миллион тоннаға дейін өседі, бұл көрсеткіш 56 миллион автокөліктің атмосфераға бөлетін зиянды заттарға тең. Австралия атмосфераға бөлінетін метан мөлшерін азайтуға міндеттеме алған ел. 2022 жылы 150 мемлекет қолдаған әлемдік бастамаға өз еркімен қосылған ел ретінде белгілі. Алайда, Whitehaven Coal компаниясы бұл міндеттеменің үддесінен шығуға кедергі келтіреді. Бұдан бөлек, соңғы жылдары Қытай мен Үндістанның көмірді молынан пайдалануы да жаһандық жылынудың қарқынын бәсеңдету деңгейіне кері әсерін тигізген еді. Биыл Қытай аумағында көмірмен жұмыс істейтін 300 электр стансасы бары белгілі болды. Бұл көрсеткіш әлемдік көмір қуатының үштен екі бөлігін құрайтынын айта кету керек.

Ұқсас материалдар:

«Көмірді тұтыну мөлшері рекордтық деңгейге жеткен» (https://islam.kz/kk/news/alem/komirdi-tutynu-molsheri-rekordtyq-dengeige-jetken-18955/#gsc.tab=0);

«Көмірді пайдаланудан рекорд орнатқан ел» (https://islam.kz/kk/news/alem/komirdi-paidalanudan-rekord-ornatqan-el-16470/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат