Жаһан: Үндістанда құрғақшылық зардабын 330 млн адам тартып отыр
Жаһан: Үндістанда құрғақшылық зардабын 330 млн адам тартып отыр
8 жыл бұрын 2438 24.kz Е.Сапарғали А.Оразалиева

Үндістанның батысы соңғы 40 жылдан бері құрғақшылық құрсауынан шыға алмай келеді. Осының кесірінен 330 миллионнан астам адам зардап шегіп отыр. Бәрінен де қант қызылшасы мен мақта өсіретін шаруалар тығырыққа тірелген. Жұттан қырылып жатқан мал санында есеп жоқ. Оның үстіне, еңбекке қабілетті жастар қарттар мен балаларды ауылдарда жалғыз қалдырып, көнкөріс үшін өзге өңірлерге кетуге мәжбүр. Жергілікті полиция бір жылдың ішінде мыңнан астам адамның өз-өзіне қол жұмсағанын растады. Үнді билігі аймаққа тұрақты қатынап, әр 8 күн сайын ауыз су жеткізетін арнайы пойыз жүргізсе де, ахуал әлі күнге дейін жақсармай отыр. Синоптиктер алдағы 2 айда температура бағаны 40 градусқа дейін көтеріледі, деп болжайды.

Фукусима атом энергиясынан біржола бас тартпақ (видео)

Фукусима атом энергиясынан біржола бас тартып, қайта жаңартылатын қуат көзіне көшпек. Осыдан бес жыл бұрын ядролық апатты басынын өткерген бұл аймақтың басшылығы энергияны су, жел және күннен де алуға болатынын дәлелдеп келеді. Екі миллион халқы бар бұл қала 2040 жылы толықтай дәл осы қуат көзіне көшеді. Фукусиманың қайта қалпына келетін энергия көзіне көшу жоспары тегіннен туған жоқ. Бұл атом электр станциясында болған ядролық апатқа өзіндік жауап. Болашақта мұндай олқылық болмауы үшін жергілікті билік ең қауіпсіз қуат көзін пайдалануға көшуді ұйғырыпты. Тіпті алдағы төрт жылдың ішінде электр жарығының 40%-ы күн сәулесі, жел құрылғылары және геотермалды станциялардан алынатын болады. Ал жоспар бойынша 20 жыл көлемінде Фукусиманы толықтай қайта қалпына келетін қуат көзіне көшіру көзделуде. Йоширо Овадано, қайта қалпына келетін энергия Институтының бас директоры: - Жапония бойынша толықтай қайта қалпына келетін энергия көзіне көшу өте қиын болады. Себебі біз өндіріс ошақтарына қажетті қуат көзін қамтамасыз ету оңай емес. Тек оны қосалқы энергия ретінде қолдануға болады. Доктор Овадана басқаратын институт екі жыл бұрын құрылған. 78 мың шаршы метр аумақты алып жатқан бұл жерде тың жаңалықтар сынақтан өтіп, тиімділігі мен қауіпсіздігі сараланады. Ал дайын жобалар жергілікті және шетелдік компанияларға ұсынылады. Масао Учибори, Фукусима префектурасының губернаторы: - Қазір қолда бар технологиялар 100% қайта қалпына келетін энергия көзіне көшуге мүмкіндік бермейді. Алайда, біз зерттеулер жасап, технологияны одан әрі дамыта түсуіміз керек. Зертханалар мен жеке компаниялар арасындағы байланысты нығайта түсуіміз де сондықтан. Фукусима әуежайы маңындағы 1200 киловаттық алып электр станциясы дәл осындай әріптестіктің арқасында жүзеге асқан жоба. Оны жүзеге асыру үшін жергілікті қаржылық және өндірістік кәсіп орындар жұмылдырылған. Станция құрылысына 3,5 млн доллар жұмсалған. Оның 25%-ы жергілікті халықтың қорынан алыныпты. Бүгінде бұл орталық не бары 330 үйді электр қуатымен қамтамасыз етіп отыр. Алайда, ол ең бастысы – қайта түлеген Фукусиманың белгісіне айналғандай.

0 пікір
Мұрағат