Жаһан: Пан Ги Мун шейіттер мен сүнниттерді бірлікке шақырды
|
Әл-Искандерия қаласында болған жойқын жарылыстан кейін Ирак еліне Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун жедел жетті. Ол аймақтағы бірімен-бірі араз шейіт пен сүннит жамағатын бірлікке шақырып, «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымына» қарсы жұдырықтай жұмылып, жойқын соққы беру керектігін айтты. Бұған дейін сүнниттер мен шейіттер аралас тұратын Әл-Искандерия қаласында футбол ойыны кезінде жанкешті өзін жарып, 40-тан астам адамды ажал құштырған болатын. Іле-шала террорлық шабуылды «Ирак пен Левант лаңкестері» мойнына алған. Бірер күн бұрын осы топ 60 адам қаза тапқан Хилла қаласында да жарылыс жасаған еді. Сарапшылар аймақтағы лаңкестердің еркінсуін елдің батысы мен солтүстігіндегі содырларды қысымда ұстаған үкімет әскерінің әлсіреуімен байланыстырып отыр.
Иракта жанкештінің өз-өзін жарып жіберген сәті видеоға түсіп қалды
Ирак астанасы Бағдат қаласынан оңтүстікке қарай орналасқан футбол стадионына шабуыл жасаған жанкештінің әрекетінен кемі 30 адам қаза тапты, - деп хабарлайды AFP. Желіде жарылыс болған сәт түсірілген видео пайда болды.
Оқиға әл-Асрия ауылында футбол матчынан кейін болған. "Сол сәтте жеңімпаздар марапатталып жатқан, жанкешті өз-өзін жарып жіберді", - деді ауыл полициясының өкілі. Оның айтуынша, жарылыс салдарынан 65-тен аса адам зардап шекті.
Лаңкестік үшін жауапкершілікті Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ ұйымы алды.