Жаһан жаңалықтары: Арандатушы депутат
Жаһан жаңалықтары: Арандатушы депутат
10 жыл бұрын 4010

АҚШ-тың Техас штатының атынан сайланған Молли Уайт есімді депутат әйел қаңтардың 29-ы күні Капитолияда өткен Мұсылмандар күні діни азшылықты құрайтындармен түйткілді мәселелерді талқылау үшін кездесу өткізген болатын. Ол әлеуметтік желіде: «Бүгін – Техасқа қарайтын Капитолияда Мұсылмандар күні. Мені қоса алғанда депутаттардың көбісі өз округтеріне оралды. Мен шынымен де өз кеңсемдегі Израил байрағын қалдырған болатынмын және қызметкерлерден мұсылман жамағатының өкілдерін ислами террористік топтарды айыптауға әрі Америка мен оның заңдарына берілгендігін көптің көзінше жариялауға көндіруді сұрадым. Олардың менің кеңсемде қаншалықты отыра алатынын көрейік», - деп жазған мәлімдемесі шу шығарғаннан кейін ол ақталып, бар кінәні ұйымдастырушыларға жауып, танып шыға келді.

 

Қатерлі қателіктен бес бала жетім қала жаздады

Францияның қауіпсіздік қызметкерлері мұсылман әйелдің бес баласын алып қойған. Оған оның күйеуін экстремистерге қатысы бар деген айып тағылғаны себеп болған. Алайда, қауіпсіздік қызметкерлерінің қолында айып тағатындай нақты айғақ болмаған. Нақтырақ айтқанда, Нәсілшілдік пен исламафобияға қарсы коалиция дерегіне қарағанда полиция мен әлеуметтік қызмет Лион қаласында тұратын Айша есімді мұсылман әйелдің 6,5,4, бір жарым жастағы және 3 айлық баласын алған болатын. Ол ол ма, үш айлық баласын емізуге де жолатпаған. Бұл жайында World Bulletin ақпарат көзі хабар таратты. Бұл күндері балалардың әкесі Маһер Мскани Тунисте болатын. Балаларын алып қойғанын естіген бетте Францияға қайтып оралған оны әуежайда да, қалада да ешкім тоқтатпаған. Яғни, әлгіндей айыппен тұтқындамаған. Қауіпсіздік қызметкерлері өздерінің жаза басып, қатерлі қателік жібергенімен орынсыз жәбір көрген мұсылман отбасынан кешірім де сұрамады.

 

Жас автралиялықтар жұмыссыздықтан ИСИМ-ге қосылып жатыр

Австралия мұсылмандар жамағатының жетекшілері жастардың экстремизмге бой алдыруына ең алдымен жұмыссыздық секілді әлеуметтік мәселелер себеп болатынын алға тартып, дабыл қаға бастады. Ислам достастығы қауымдастығының негізін қалаушы Кейсар Трад (Keysar Trad) аталған қатерден айналып өту үшін ел билігін жұмыс орындарын көптеп ашуға шаақырды.

 

АҚШ-та орын алған ұшақ апатына селфи себеп болуы мүмкін

Baq.kz порталының ABC News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып таратқан хабарына қарағанда 2014 жылдың мамыр айында АҚШ-тың Денвер қаласында орын алған шағын ұшақтың апатына ұшқыштың селфи жасамақ болған әрекеті себеп болуы мүмкін. Мұндай болжамды АҚШ-тың Көліктегі қауіпсіздік ұлттық кеңесі келтірген.

Айта кетейік, екі адамға арналған Cessna 150K ұшағы былтыр 31 мамыр күні әуеге көтерілгеннен 4 минут өткен соң апатқа ұшыраған болатын. Салдарынан штурвалда болған Амритпал Сингх пен жолаушы - әнші жігіт қайтыс болды.

Ал, оқиға орнын тексерген мамандар ол жерден GoPro бейнекамерасын тапқан еді. Ондағы жазбалардан белгілі болғаны, жас азаматтар жүрген-тұрғанын түгел суретке немесе бейнетаспаға түсіріп жүрген. Апат болған күні камера қосылмаған дейді сарапшылар. Дегенмен, ұшқыш оны қоспақ болған сәтте ұшақ тізгінге ие бола алмай, салдарынан биіктікті алып үлгермеген әуе көлігі жерге құлаған дейді зерттеу жүргізген мамандар. 

0 пікір
Мұрағат