|
Тоғыз жастағы егіздер бес ай бойы үйде тек өздері ғана тұрған
|
Нью-Гемпшир елді-мекенінде тоғыз жастағы егіздер бес ай бойы үйде тек өздері ғана болған. Бұл жайында CNN телеарнасы хабар таратты.
Аталмыш ақпарат көзінің хабарына қарағанда, егіз ұлдардың (олардың аты-жөні айтылмаған – ред.) ата-анасы 2014 жылдың шілде айында Нигерияға сапар шегуіне байланысты оларды егіздердің ағасы Гиобари Атуруға (Giobari Atura) аманаттап кеткен. Алғашқыда ол туысының үйіне қарауға келісімін бергенімен бес ай бойы егіздердің хал-жағдайын аптасына тек бір-екі рет сұрап келгені анықталды. Балалар осы уақыт аралығында тез дайын болатын кеспемен ғана қоректеніп келген. Олар таңертең өз беттерінше оянып, мектепке барған. Полиция егіздердің басындағы жағдайды мектеп қызметкерлерінен естіп біліп, олардың ағасын қамауға алады. Оған «балалар өміріне қатер төндірді» деген айып тағылып отыр. Ал ол балаларға өзінің қажет жағдайда қоңырау шалуы үшін телефон нөмірін қалдырғанын айтып, ақталуда. Егіздер үйдегі телефонның істемейтінін де жасырмады. Егіздердің ата-анасы мұны естіп білген соң дереу кері оралған. Оларға қандай да бір айып тағылған жоқ. Өйткені, олар балаларын туысына сеніп тапсырып кеткен болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстанда әскердегі сарбаздарға намаз оқуға бола ма
■
Әлемде ЖІӨ жағынан екінші орында тұрған елдің жан басына шаққандағы денсаулыққа жұмсайтын шығыны 3845 долларға жетті
■
Кореяның дәрі-дәрмек экспорты рекордтық деңгейге жақындады
■
Алматыда "халал" сертификаттарын заңсыз берген компания жауапқа тартылды
■
Қытай пайдалы қазбаларды сақтаудың үш деңгейлі жүйесін енгізеді