Жаһан жаңалықтары: 40 000 долларға бағаланған Құран (Фото)
Жаһан жаңалықтары: 40 000 долларға бағаланған Құран (Фото)
10 жыл бұрын 5041

Әлеуметтік желілерде бәссаудаға қасиетті Құран қолжазбасы шығарылды. Бұл көне жәдігер Құран қажы есімді молдаға тиесілі болған. Ол Дағыстанның Харбук елді-мекеніндегі мешітте қызмет еткен. Мұқабасы былғарымен қапталған қасиетті кітапты ол нұрлы Мекке шаһарынан шамамен 1380 жылы әкелген екен. Содан бері ол отбасы құндылығы ретінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа мирасқа қалып, осы күнге дейін жеткен. Қолжазбаның ерекшелігі сонда, 500 жыылдан аса Құранның бұл данасы бірде-бір реставрациядан өтпеген. Беттері тозған, алайда, мәтінді толық оқуға болады.

 

Саңлақ сахабаның ғұмыры мультфильмге арқау болды

Пайғамбарлар падишасы – Мұһаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) сенімді серігі болған Біләл иибн Рабаһтың ғұмыры анимациялық фильмге арқау болған. Айта кету керек, бұл араб суретшілерінің сахабалар ғұмырын арқау еткен алғашқы кино туындысы. Продюссерлік Barajoun Entertainment орталығында аталмыш картинаны жасағандардың айтуынша, бұл фильм ағылшын тілінде болады және америкалық аудиторияға аарналған. «Фильмде осыдан 1000 жыл бұрын Арабияға әкелінген африкалық құлдың өз азаттығы үшін күресі арқау болған. Ол біздің ұрпақтың жігер алатын қаһаарман тұлғасына айнаалды»,- деді бас кейіпкердің даусын салатын Акиннуойе-Агбажи. Тәрбиелік мәні мен маңызы зор бұл флиьм биыл, яғни, 2015 жылдың соңғы тоқсанында прокатқа шығады.

 

Ұлыбритания мұсылмандарының 95%-ы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) карикатурасын жасағандарды жазалауды жақтамайды

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Ақиық елшінің (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) карикатурасын жасағандарды қатаң жазалауды жақтамайды. «Ислам дінінде интеграцияға қарсы тұратын үкім жоқ»,- деді Мұхаммед әл-Хакарун есімді мұсылман студенті. 2015 жылдың қаңтар айының 26-нан ақпанның 20-на дейін Ұлыбританияның барлық түкпірінен 1000 мұсылманның пікіріне негізделген сауалнама нәтижесіне қарағанда олардың 95 пайызы Ардақты елшіні (Алланың сәәлемі мен игілігі жаусын) сайқымазақ еткендерден кек қайтарып, өш аалуды жақтамайды.

 

Muslim Face: мұсылмандарға қолайлы жаңа әлеуметтік желі

Алдағы бірнеше аптаның ішінде мұсылмандар игілігін көре алатын халықаралық жаңа әлеуметтік желі ашылып қалады. Muslimface өзге әлеуметтік желілерге қарағанда ислам құндылықтарына басымдық беретіндігімен ерекшеленетін болады. Аталмыш желіні мұсыылман еместер де пайдалана алады. Мұсылман бизнесмендері құратын сайт материалдары бірнеше тілге, атап айтқанда, ағылшын, араб, түрік, парсы, урду, т.б. тілдерге аударылады. Бұл жайында Al Watan Voice ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш жоба Ұлыбритания аумағында Muslimface Limited компаниясы ретінде тіркеуден өтті және мұсылмандар көп шоғырланған елдерде штаб-пәтері болады. Осынау сайтты құрушылардың сөзіне қарағанда Muslimface мұсылмандардың бір-бірімен және мұсылман еместермен байланыс орнатуына көмектеседі. Олар осы сайт арқылы өздерін толғандырып жүрген өзекті де маңызды мәселелерді талқылап, ойларын ортаға салатын болады. Әлбетте, әдептен аттамау жағы қадағаланады. Сондай-ақ, мұсылмандар мен мұсылман еместер рухани құндылықтар тақырыбын қозғайтын материалдарын жариялай алады.

 

Малави мұсылмандары ана өлімінің көбейгеніне алаңдаулы

Малавидің мұсылмандар жамағаты елдің оңтүстік бөлігіндегі ана өлімін азайту мақсатында игі щараны қолға алып отыр. Яғни, босану кезінде жиі орын алатын ана өлімін барынша азайту үшін аяғы ауыр әйелдерге дер кезінде медициналық көмек көрсетуге ұмтылуда. Айта кетейік, Африка құрлығындағы осынау ел ана өлімі бойынша әлемде ең жоғарғы көрсеткішке ие. «Ана әрі әйел ретінде айтарым, біз босану кезіндегі аналарға көрсетілуі тиіс көмектің кешігіп жететініне алаңдаймын. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін осындай қадамға барып отырмыз»,- деді мұсылман әйелдері ұйымының төрайымы Фатима Ндаила (Fatima Ndaila). «Халқымыздың көп бөлігі шалғай елді-мекендерде тұратындықтан оларға сапалы медициналық көмек дер кезінде көрсетіле бермейді. Малавилік әйелдер үйде босануына тура келеді. Нәтижесінде әлем бойынша ана өлімі көрсеткіші жоғары болып отыр. Бүкіл әлемдік банк дерегіне қарағанда Малави әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Бұл елде ешқандай қақтығыс та жүріп жатқан жоқ. Соғаан қарамастан ана өлімі азаймай тұр. Жыл сайын шамамен 3000 малавилік әйел босану кезінде көз жұмады.

 

Сауд Арабиясында тәртіп күшейді

Сауд Арабиясының билік тізгіні корол Салманның қолына тиісімен елде тәртіп күшейтілді. Алдымен жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиятын сақшылар басшылығында ауыс-түйістер орын алды. Бұған қоса, олардың құзыреттілігі де кеңейді. Жуырда аталмыш полиция қызметкерлері рейд жасап, туған күн тойлап жатқан жастарды тұтқындап әкетті. Бұл жайында CBS News ақпарат көзі хабар таратты. Артыынаан белгілі болғандай, полицияға жастардың көңіл көтеріп, би билегені ұнамапты. Бұл жайындағы қауесет әлеуметтік желілерде жылдам таралып, бұл оқиғаға қатысты өз пікірін білдіргендер көп. Пікірін білдіргендердің дені аталмыш полицияның бұл әрекетін айыптап, сынға алған. Көңіл көтерген жастар заңнан аттамағандығын алға тартып, оларды бостандыққа жіберуін талап еткен.

 

Мекке форумының қорытындысы

Жуырда нұрлы Мекке шаһарында өткен терроризммен күрес тақырыбына арналған конференцияда әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұсылман ғалымдары діни экстремизм мәселесін шешу үшін білім саласын реформалауға шақырды. «Терроризммен және діни экстремизммен күресу исламға қайшы келмейді. Терроризм дін, ұлт таңдамайды. Исламды терроризмге қатысы деп айыптау әділетсіз әрі қате болып табылады»,- деп айтылған мәлімдемеде.

 

17 жастағы қыз шариғат шәлісіне қатысты жаңсақ ұғыммен қалай күресетінін айтты

Амара Мәжид (Amara Majeed ) есімді 17 жастағы америкалық мұсылман қызы қоғамды жайлаған шаариғат шәлісіне қатысты жаңсақ ұғымға тойтарыс беру үшін «Шариғат шәлісі жобасы» деген веб-сай ашты. Ол орта мектеп қабыырғасында оқыпп жүргенде шариғат шәлісін жамылғанын жеткізді. Көп уақытын кітапхаларда көткізіп, өзін рухани жетілдіруге күш салған. Ол өзінің бұл жобасын әлеуметтік тәжірибе ретінде байқап көрмек. Онда шариғат шәлісіне қатысты пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөліседі.

 

Үндістанда Құран мен хадис жаттаудан байқау өтті
Катар шейхы Ғани бен Әлі Тани ұйымдастырған қасиетті Құран мен Набауи жинақтаған хадистерді жатқа білуге арналған екінші байқау өтті. Аталмыш шараға Үндістанның түкпір-түкпірінен жоғары оқу орындарының студенттері мен медресе шәкірттері қатысып, бақтарын сынады. Нақтырақ айтқанда, Биһар штатында өткен айтулы шараға 75 діни орталық пен университеттің өкілдері қатысқан. Al'arab басылымының хабарына қарағанда, байқауға дін сарапшылары, Құран білгірлері, саяси қайраткерлер қазылық еткен. Биылғы байқаудың жаңалығы сонда, Набаи жинақтаған хадистерді де жатқа білу шарт етіп алынған.

 

АРАБ АСПАНЫНАН АҚША ЖАУДЫ

E-islam.kz ақпарат көзінің хабарлауынша Біріккен араб әмірлігі көгінен көк қағаз жауды. Дубай орталығындағы көкпен таласқан үйлердің айқара ашық терезелерінің бірінен жауған ақша туристерді таң-тамаша қалдырды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, 1 млн шамасында ақша жауды деседі.
Алайда, әзірше 1 млн-нан құтылудың жолын мұндай әдіске салған адамның кім екені анықталмай отыр.
Дубай көшелерінде қарша жауған ақша полицейлердің бас ауруына айналып, жол-көлік қақтығыстары орын алған. Қала тұрғындары мен туристер түсінде көрмеген ақшаның өңінде көріп, жол ережесіне көзді жұмып, ақшаның соңынан қуалаған.

0 пікір
Мұрағат