Жәбір көрсетушінің жәбірленушіге жақындауына тыйым салатын заң жобасы қарастырылуда
Жәбір көрсетушінің жәбірленушіге жақындауына тыйым салатын заң жобасы қарастырылуда
1 жыл бұрын 1185 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей федерациясындағы «Жаңа адамдар» деп аталатын партия мемлекеттік думаның қарауына жәбірленушіге жәбір көрсетушінің жақындауына тыйым салу қарастырылған заң жобасын енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізінде мұндай заңды Ресейде қабылдауға  талай жыл талпыныс жасалып келеді. Дәлірегі, Азаматтық кодекске жаңа 14.1-бапты – «Құқық бұзушы мен азаматтың жақындауына тыйым салу және (немесе) өзге де байланыстарға тыйым салу» деген баппен толықтыруды ұсынылып отыр. Аталмыш заң жобасының авторлары жәбірленушіні заңдық тұрғыдан қорғаудың құқықтың тетіктері әзірленуі керек, деп есептейді. Яғни, зорлық-зомбылық көрсетуші тарапынан болуы ықтимал түрлі қорқыту әрекеттеріне, т.б. жол бермеу керектігі айтылуда. Депутаттар бұл тарапта №2–4575/2017 азаматтық іс бойынша Қазан қаласы сотының шешімін еске салды – жәбірленушіге телефон шалуға, SMS-хабарлама жіберуге тыйым салынған. Әдетте жәбірленуші өзіне зорлық-зомбылық көрсеткен тұлғадан қорғану үшін тек өз күшіне ғана сенуден басқа жол қалмайтын: өзге мекенге қоныс аудару, жасырыну, жұмысын ауыстыру, т.б. жолдармен қорғануға көшетін. Алайда, мұндай амалдардың өзі жәбірленушіге көмектесе бермейтін. 2021 жылдың наурыз айында Ресейде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғаудың нақты шаралары талқыланғанын айта кету керек. Зорлық-зомбылық көрсетуші жәбірленушімен бірге тұрмауы тиіс. Егер зорлық-зомбылық көрсетушінің барар жері болмаса, зардап шеккендердің өздері дағдарыс орталығына немесе болашақта желісін құру жоспарланған «ресурстық пәтерлерді» паналауы тиіс. Зорлық-зомбылық көрсетушіні немесе жәбірленушіні көшіру туралы шешімді сот қабылдауы керек еді. Алайда мұндай ереже қабылданбады.

0 пікір
Мұрағат