Израилдік компания Air LORA «әуе-жер» зымыранын жұртшылық назарына ұсынды (видео)
Израилдік компания Air LORA «әуе-жер» зымыранын жұртшылық назарына ұсынды (видео)
6 ай бұрын 1094 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Israel Aerospace Industries компаниясы израилдік LORA баллистикалық зымырандарына негізделген жаңа AIR LORA баллистикалық зымыранын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Army Recognition мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Израил зымыранның бұл нұсқасын Иранның ықтимал шабуылдарына  тойтарыс беру үшін жасады. Ұшақтан ұшыруға болатын, «әуе-жер» қаруы Таяушығыс елінің қорғаныс қабілетін арттырмақ. Сонымен қатар, әуе платформаларынан ұшырылған мұндай зымыранды қағып түсіру қиын. Жетілдірілген INS/GPS навигациялық жүйесі мен GNSS кедергілерге қарсы жүйесінің, сондай-ақ, 90 градустық ауқымды шабуыл бұрышының арқасында зымыран қарсыластың нысанасына тиімді соққы бере алады. Ол GPS-пен толықтырылған инерциялық навигация жүйесімен жабдықталған. Бұл жүйе өз кезегінде күшейтілген стратегиялық нысандарға соққы берудің сенімді құралы етеді. Нақты тактикалық-техникалық сипаттамалары әлі ашылған жоқ, алайда, AIR LORA-ны түрлі типтегі ұшақтарға, соның ішінде Boeing P-8 Poseidon және F-15 және F-16 жойғыштарына оңай біріктіруге болады. Зымыранның диаметрі шамамен - 625 мм, ұзындығы - 5,2 метр және салмағы шамамен 1600 келі тартады. Зымырандық оқтұмсықтың салмағы 240-тан 600 келіге дейін тартуы мүмкін, бұл көрсеткіш шамамен 90-нан 430 шақырымға дейін бағаланған мейлінше жылдам ұшу қашықтығына әсер етеді. Бұл ретте нысанаға дәл тигізу шамамен 10 метрді құрайды

0 пікір
Мұрағат