Археологтар Иса пайғамбардың (а.с.) соты өткен ықтимал орынды атады
Археологтар Иса пайғамбардың (а.с.) соты өткен ықтимал орынды атады
9 жыл бұрын 3087

Қарт тарихтың қатпарына үңілген археологтар Иса пайғамбардың (р.а.) соты «Дәуіт мұнарасы» атты мұражайдың маңында өткен деп жорамалдап отыр.  The Washington Post ақпарат көзінің хабарына қарағанда, археологтар бұл орынды осыдан 15 жыл бұрын тапқан екен. Яғни, аталмыш мұражай аумағын кеңейту бағытында атқарылған қазба жұмыстары кезінде тапқан болатын. Осман және британ империялары тұсында түрмеге айналдырылған көне ғимараттың үйінділерін зерттеген археологтар  ежелгі дәуірде оның сарай болғанын анықтады. Аталмыш сарай кезінде Иса пайғамбарды (р.а.) соттаған прокуратор Понти Пилаттың резиденциясы да болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл орын зерттеушілердің назарын баяғыдан бері аударып келген еді. Алайда, қаржының жетіспеушілігінен қысқа жіп күрмеуге келмей немесе соғыстың лаңынан зерттеу жұмыстары үзіліп қалған болатын. Қазіргі уақытта бұл орын туристердің көзайымына айналған. Сарапшылардың айтуынша, Құдысқа келгендерді Иса пайғамбардың (р.а.) соты өткен жер емес, оны айшыққа керген жер маңызды екен. 

0 пікір
Мұрағат