Италия өз азаматтарына шетелде де суррогат ана қызметін пайдалануға заң жүзінде тыйым салды
Италия өз азаматтарына шетелде де суррогат ана қызметін пайдалануға заң жүзінде тыйым салды
1 ай бұрын 845 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еурропалық бұл елде суррогат ана (құрсақ ана) қыметін пайдалануға, құрсақ ана болуға келісімін беруге 2004 жылдың өзінде заңмен тыйым салынған еді. Алайда, перзент сүйгісі келетін жас жұбайлар мұндай қызметті пайдалану үшін Америка құрама штаттары мен Канадаға ағылған еді. Бұл жайында islam.kz порталы edition.cnn.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Италия билігі мұндай теріс әрекетке біржола тосқауыл қою үшін өз азаматтарына шетелде де құрсақ ана қызметін пайдалануға тыйым салатын заң жобасын қабылдады. Аталмыш заң талаптарын бұзғандарға 1 млн еуро мөлшерінде айыппұл салып, екі жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырады. 2022 жылы қызметіне кіріскеннен бері министрлер кеңесінің төрайымы және «Италия бауырлары» партиясының жетекшісі Жоржия Мелони дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ілгерілету бағытында консервативті, әлеуметтік саясат жүргізіп келеді. «Италия бауырлары» партиясы атынан сайланған сенатор Лабиния Меннунидің мәлімдеуінше, ана атану шексіз, бірегей ұғым. Бұл ұғымды ақша үшін жатырын жалға берген құрсақ анаға қолдануға болмайды. Ана ұғымы - өркениеттің негізі. Ал Жоржия Мелонидің өзі биыл суррогатты ана практикасын адамгершілікке қайшы екенін мәлімдеген болатын. Оның бұл тараптағы ұстанымын католик шіркеуі де қолдап отыр. Осы орайда құрсақ ана практикасы Азия құрлығы бойынша Камбоджада кеңінен етек алғанын айта кетпекпіз. Бұған көрші Тайлан, Үндістан және Непалда құрсақ ана практикасына қатаң тыйым салынуы себеп болды. 2016 жылы Камбоджа билігі коммерциялық суррогат ана практикасына тыйым салды. Өйткені, ақша үшін құрсағын жалға беретін камбоджалық әйелдердің қызметіне шетелдіктер ағылып келетін болды. Дамушы елдерде суррогат ана практикасы кеңінен етек алған, өйткені, оның құны АҚШ пен Аустралия сияқты елдерге қарағанда әлдеқайда төмен – табысы төмен елдерде суррогат ана қызметі шамамен 150 мың доллардан аспайды. Айтпақшы, Камбджада 2017 жылы екі әйелге суррогат ана қызметін көрсеткені үшін бір жарым жылға бас бостандығынан айырылған еді.

0 пікір
Мұрағат