Исламның мемлекеттік дін мәртебесіне қатысты референдум нәтижесі жарияланды
Исламның мемлекеттік дін мәртебесіне қатысты референдум нәтижесі жарияланды
2 жыл бұрын 1529 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Естріңізде болса, осыдан бір ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған материалымызда (қараңыз: «Мұсылман елі исламның «мемлекеттік дін» мәртебесін өзгертеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/musylman-eli-islamnyn-memlekettik-din-martebesin-ozgertedi-17009/#gsc.tab=0) айтып өткеніміздей, Тунис конституциясындағы президенттің өкілеттелігі мен құзыреттілігіне, исламның мемлекеттік дін мәртебесіне қатысты өзгертулермен байланысты референдум болып өтті. Бұл жайында islam.kz порталы lslamNews  ақпарат көзіне сілтеме жасай оырып мәлім етеді. Тунистің сайлау комиссиясының жетекшісі Фарук Буаскараның дерегінше, жаңа конституция жобасына ел тұрғындарының 94,6%-ы жақтап дауыс берген. Референдум нәтижесіне сәйкес атталған елде ендігі жерде ислам мемлекетттік дін мәртебесінен айырылып, ұлт діні мәртебесін иеленді. Сарапшылардың айтуынша, мұндай өзгеріс алдағы уақытта қандай да бір саяси додада исламның атын жамылып, жеңіске жетудің құралына айналдырмауға мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, елдің басты құжатында мемлекет басшысының құзыреті айтарлықтай кеңейтілді, бұл жайт өз кезегінде қазіргі президенттік-парламенттік басқарудан президенттік басқаруға бастайтын билік тетігін заңдастырып берді. Дәлірегі, бұдан былай министрлер кабинетін президенттің өзі жасақтап, сотты өзі тағайындайды. Бұл өзгеріске оппозиция өкілдері наразылығын білдіруде. Атап айтқанда, оппозиция елдің автократиялық мемлекетке айналу қаупі төнгенін айтып, әлем қауымдастығына  дабыл қағуда. Оппозициядан бөлек, парламент спикері Рашид әл-Ганнуш жетекшілік ететін ислами «Ан-Нахда» деп аталатын партия мүшелері президенттің бұл әрекетін мемлекеттік төңкеріс деп айыптап, сынға алуда.

0 пікір
Мұрағат