Исламды қабылдаған корей поп әншісі санаулы аптада мешіт тұрғызды
Исламды қабылдаған корей поп әншісі санаулы аптада мешіт тұрғызды
6 ай бұрын 1970 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2019 жылы исламды қабылдаған корейлік поп әнші Дауд Ким Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында жергілікті исламофоб тұрғындардың қарсылығына қарамастан аз уақыт ішінде мешіт салып үлгерді. Жей Ким деген атпен танымал K-pop әртісі әлеуметтік желіде Енжон аралында мешіттің ашылғанын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Әлхамдулиллаһ, мен мұны жүзеге асырдым. Сіздердің көмегіңізбен Алланың үйін тұрғыздым. Мен көптеген адамдардың бұл қадамыма алаңдайтынын білемін. Бірақ, мен мешіт туралы арманымнан ешқашан бас тартпаймын. Рахмет», – деп жазды ол әлеуметтік желіде. Осы орайда сәуір айының басында Дауд Ким жазылушыларына Инчхонда 136 500 долларға сатып алған жер телімінде мешіт салу жоспары туралы хабарлағанын айта кетпекпіз. Дауд Ким жергілікті тұрғындардың елеулі қарсылығына қарамастан ойына алған ісін ақырына дейін жеткізді.

0 пікір
Мұрағат