Ислам даму банкі 2 миллиард долларға бағаланатын сукук шығарады
|
Ислам даму банкі биыл алғаш рет 2 миллиард долларлық сукук шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. S&P, Moody's және Fitch халықаралық агенттіктерінің ең жоғары Aaa/AAA/AAA рейтингіне ие Ислам Даму Банкі 25 миллиард долларлық сукук бағдарламасы аясында 5 жылдық ислам облигацияларын сәтті орналастырды. Бағалы қағаздардың кірістілігі 4,598% құрады. Сукук эмитенттері: BNP Paribas, Citi, Dukhan Bank, Emirates NBD, HSBC, Жеке секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясы, SMBC Nikko, Société Générale және Standard Chartered Bank. Ислам даму банкі тартатын қаражат осы ұйымға мүше елдердегі жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Шамамен 70%-ы Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада, 15%-ы Азияда, 8%-ы Еуропада, 7%-ы Африкада таратылады. Орналастырудың 62%-ын орталық банктер мен мемлекеттік ұйымдар сатып алды.