Ислам академиясы хижап кигені үшін студентті оқудан шығарып жіберген
Ислам академиясы хижап кигені үшін студентті оқудан шығарып жіберген
6 жыл бұрын 3140 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанда ақпан айының 20-ы күні Ташкент қаласы соты Халықаралық ислам академиясынан шариғат шәлісін жамылғаны үшін шығып қалуына байланысты Луиза Мүмінжонаваның шағымын қанағаттандырмады. Бұл жайында ansar.ru ақпарат көзі 19 жастағы Луиза Мүмінжонаваға сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Өткен жылы Хорезм тумасы Луиза Мүмінжонава аталмыш ислами жоғары оқу орнына бюджет есебінен түскен болатын, алайда, 140сағаттан аса дәріске қатыспааны үшін оқудан шығарылған. Бойжеткен сабаққа келгенімен кері қайтарылған. Басына таққан шариғат шәлісін шешпегені үшін. Аталмыш білім беру ордасының басшылығы зайырлы қоғамды алға тартып, сабаққа кіргізбеген. Ақпанның 10-ы күні Луиза Мүмінжонава наразылық білдіріп, Өзбекстанның министрлер кабинетінің жанындағы дін істері жөніндегі министрлікті, Өзбекстан мұсылмандар діни басқармасын, Жоғарғы және орта арнайы білім беру министрлігін, сондай-ақ, Халықаралық ислам академиясын сотқа берген. Өзінің конституциямен кепілдік етілген наным-сенім бостандығын талап еткен бойжеткеннің шағымын Шайхонтохур әкімшілік соты қанағаттандырмады. Аталмыш жоғарғы оқу орнының ішкі тәртібіне бағынбағанын желеу етіп. Бойжеткен енді халықаралық сотқа шағымданатынын жеткізді. 

0 пікір
Мұрағат